"Барыс" қалай шынықты
"Барыс" Гагарин кубогы додасында тұңғыш рет ширек финалға шығып, қазақ хоккейінің тарихына тың жетістік енгізді. «Барыстың» бұл жетістігі – бірнеше жыл бойы төккен терлері мен еңбектерінің жемісі.
13 наурыз 2014
"Барыс" тұңғыш рет ширек финалға шықты
"Барыс" хоккейшілері "Автомобилист" (Екатеринбург) клубын төрт мәрте тізерлетіп, тұңғыш рет Гагарин кубогының ширек финалына шықты. Жалпы есеп – 4:0.
12 наурыз 2014
"Барыс" Екатеринбург клубын үшінші рет ұтты
"Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының "Шығыс" конференциясындағы ширек финалдық додасында "Автомобилист" клубын үшінші рет тізе бүктірді. Бұл жолы – Екатеринбургте. Есеп – 2:1.
"Сарыарқа" ширек финалға шықты
Ресейдің Жоғары хоккей лигасында ойнайтын екі клубымыздың біреуі, атап айтқанда, Қарағандының "Сарыарқасы" Братина кубогының ширек финалына шықты.
10 наурыз 2014
"Барыс" "Автомобилистке" азуын әзер батырды
Бүгін «Барыс» Гагарин кубогының ширек финалында Екатеринбургтің «Автомобилисімен» кездесіп, ұзаққа созылған шиеленісті матчта 3:2 есебімен жеңіске жетті.
08 наурыз 2014
Қашан өз таланттарымызға мүмкіндік береміз?
Құрлықтық хоккей лигасындағы плей-офф додасы алдында «Барыс» құрамына «Снежные барсы» командасынан үш хоккейші шақыртыпты. Олар – шабуылшылар Антон Сағадеев пен Ярослав Евдокимов және қорғаушы Никита Церенок.
07 наурыз 2014
Мұзайдында жас таланттарымызды шыңдап жүрміз
Ресейдің Жастар хоккей лигасында өнер көрсететін "Барыстың" ізбасарлары, яғни "Снежные барсы" командасы биыл бірінші рет плей-оффқа шығып еді, бірақ алғашқы сатысында-ақ сүрінді.
Хоккейшілеріміз бір саты төмен сырғыды
Сочи Олимпиадасынан кейін Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы бүкіләлемдік рейтингті қайта түзді. Ерлер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы жаңа рейтингте бір саты төмен сырғыды.
"Барыс" Мәскеу түбінде ұтылды
Сочи Олимиадасы кезінде үзіліс алған Құрлықтық хоккей лигасының ойындары қайта жалғасты. Өкінішке қарай, Астананың "Барысы" осы үзілістен кейінгі алғашқы кездесуінде жеңіліске ұшырады.