12 қазан 2015 13:40

Павлодарда балалардың көзінше хоккей бапкерлері жаға жыртысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© rrnews.ru © rrnews.ru

Павлодардағы спорттың қысқы түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде хоккей бөлімінің бапкерлері ойыннан соң жаға жыртысты, - деп хабарлайды Рavlodarnews.kz. Бұл туралы спорт мектебінің директоры Людмила Прокашева хабарлапты.

Директордың айтуынша, Максим Назаров пен Тимур Чеготаевтың бапкерлігіндегі 2005 және 2006 жылы туған балалар арасында хоккейден жаттығу жұмыстары кезінде ойын өткізілген. Назаровтың шәкірттері ойын барысында жеңіліп жатып, соңында кездесуді жеңіспен аяқтапты. Осыған наразы болған Чеготаев Назаровқа оның ойыншыларының дөрекі ойнағанын айтып, хоккей таяғын сілкіген.

"Соққы алған жаттықтырушы бұған дейін бел омыртқасын зақымдап алғандықтан, корсетте жүрген. Ер адамдар арасындағы текетірес жұдырықтасумен аяқталды. Кейін жедел жәрдем шақырылды", - деді Покашева.

Оның сөзіне қарағанда, Назаров Чеготаев ұрып-соқты деп, сотқа шағымданған. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал мектеп тарапынан жаттықтырушыларға қатаң сөгіс берілді. Сот ісі аяқталғанға дейін Чеготаев жұмыс орнынан босатылмайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети