"Қазцинк-Торпедоның" пәрмені Пенза клубына жетпеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазцинк-Торпедоның" пәрмені Пенза клубына жетпеді Фото kazzinc-torpedo.kz сайтынан алынды

Жоғары хоккей лигасының маңдайалды клубтары сарапқа салып жатқан Братина кубогының 1/8 финалында Өскеменнің "Қазцинк-Торпедосы" Пензаның "Дизелінен" аса алмады. Жалпы есеп – 2:4, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Қазцинк-Торпедо" алғашқы екі ойынын Пензада өткізген болатын. Бірінші матчта 1:3 есебімен ұтылып қалғанымен, екіншісінде 3:2 есебімен есе қайтарған. Әрі жалпы есептегі таразы басын теңестірген-ді. Бұдан кейін екі команда Өскеменге келіп, тағы екі ойын өткізді. Шығыс Қазақстан облысы орталығында да бірін-бірі алма-кезек жеңіп, "итжығыс" түсті. Атап айтқанда, үшінші матчта 5:2 есебімен "Қазцинк-Торпедо" үстем түскенімен, төртінші кездесуде 0:2 есебімен ұтылып қалды. Осы жеңіліс Өскемен клубының сағын сындырғандай. Пензада өткен бесінші ойында "Қазцинк-Торпедо" 1:2 есебімен ұтылып, салы суға кетті. Екпін алған "Дизель" Өскемендегі алтыншы кездесуде де өктем түсті. Есеп – 1:4. Осылай жалпы есеп 2:4 болып, "Дизель" келесі кезеңге шықты. Негізі, "Қазцинк-Торпедо" да осал емес еді. Бірақ өз қателіктерінің сазайын тартып, жеңіліске ұшырады. Бәлкім, білікті бапкер керек шығар... Ал бұл лигадағы тағы бір Қазақстан клубының, яғни Қарағандының "Сарыарқасы" осыдан бірнеше күн бұрын ширек финалға шыққандығын жазғанбыз. Братина кубогының 1/8 финалы: /1/ "Торос" (Нефтекамск) – /16/ "Сокол" (Красноярск) – 4:0 /2/ "Молот-Прикамье" (Пермь) – /15/ "Титан (Клин) – 4:0 /3/ "Рубин" (Тюмень) – /14/ "Ариада" (Волжск) – 4:2 /4/ "Сарыарқа" (Қарағанды) – /13/ "Динамо" (Балашиха) – 4:1 /5/ "Кубань" (Краснодарь) – /12/ "Лада" (Тольятти) – 4:2 /6/ "Дизель" (Пенза) – /11/ "Қазцинк-Торпедо" (Өскемен) – 4:2 /7/ "Южный Урал" (Орск) – /10/ "Нефтяник" (Альметьевск) – 4:1 /8/ ТХЛ (Тверь) – /9/ "Буран" (Воронеж) – 0:4

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети