15 мамыр 2014 11:29

Ресей хоккейшілері жанашырлық танытпады...

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото hcbarys.kz сайтынан Фото hcbarys.kz сайтынан

Шайбалы хоккейден шешуші кезеңіне тақаған әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы төртінші ойынын өткізіп, Ресей хоккейшілерінен 2:7 есебімен ойсырай ұтылып қалды, деп жазады Tengrinews.kz.


Шайбалы хоккейден шешуші кезеңіне тақаған әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы төртінші ойынын өткізіп, Ресей хоккейшілерінен 2:7 есебімен ойсырай ұтылып қалды, деп жазады Tengrinews.kz.

Ресей құрамасы бұған дейінгі үш кездесуінде де жеңіске жетіп, "В" тобында алға ұзап кеткен. Басты бәсекелесі АҚШ хоккейшілерін ұтқаннан кейін осы топта бірінші орын алатындығына ешкім де күмән келтірмейді.

Әрі алғашқы үш ойынды өте жоғары қарқында өткізіп, әр кездесу сайын бір ойыншысынан айырылып отырды. Екі хоккейшісі жарақаттанып қалып, әлем чемпионатын жалғастыра алмайтын болып, үйлеріне қайтқан.

Әр ойында бір хоккейшісінен айырыла берсе, финалға дейін құрамы селдіреп қалмай ма? Сондықтан қарқындарын бәсеңсітетін шығар, соны біздің хоккейшілер пайдаланып кетсе деген пендешілік ішімізде аш бөрідей "ұлыған".

Бірақ, Ресей құрамасы бірінші кезеңде ғана тізгіндерін тартыңқырады. Одан кейін қарқындарын үдетіп, көсіле шапты. Артық құрамда ойнағандарында, тез гол соғып, деңгейлерінің жоғары екендігін көрсете білді.

Ал біздің құрамадағы жігіттер "Ресей құрамасын жеңу мүмкін емес" деген ойдан арыла алмағандай. Тіпті өздеріне деген сенімдері төмен сияқты. Әншейінде итерісіп-қағысып, қарсыластарын сес көрсетіп қоюға тырысатын хоккейшілеріміз бұл жолы тым "нәзік" ойнады десек те болар.

Бас бапкер бұл жолы қақпаға Алексей Ивановты қойған екен. Сол дұрыс болған сияқты. Иванов жеті гол жіберіп алса да, Ресей құрамасының қарша бораған соққылары мен қатерлі шабуылдарын тойтарумен болды. Ол осы матчта өз қақпасына тура бағытталған 47 соққының 40-ына тосқауыл бола білді.

Ал біздің хоккейшілер үш кезеңде 18 рет қана Ресей қақпасын нысанаға алды. Үшінші кезеңде сәл батылдау ойнап, орыстың Солтүстік Америкада ойнайтын мақтаулы қақпашысын екі рет қапы қалдырды.

Сонымен тағы да ұтылдық. Мұның алдындағы ойындарда хоккейшілерміздің біразының қайсарлық танытқандарына риза болсақ, бұл жолы азулы қарсыластарының алдында дәрменсіздік көресткендеріне ішіміз ашыды. Әйтсе де, үмітімізді үзбейміз.

Германия және Латвия құрамаларымен өткен ойындарда сәттілік жетіспегені көкейімізден кетпейді. Сәттілік үнемі жон арқасын көрсете бермес. Біздің құрманың да бағы жанып, айы оңынан туар сәттері болар. Қаншама шайба қақпа бағанасына тиіп, кері ұшты. Енді осындай шешуші сәттерде шайбаның бірер милиметр біздің бағымызға қарай бағытын өзгертер мезеттері де жетер.

Ұлттық құрамамызға бармақтай бақ берсе, жолдары ашылар...

Қазақстан – Ресей – 2:7 (0:1, 0:3, 2:3)

Бұған дейінгі үш ойынның нәтижесі:

Қазақстан – Германия – 1:2 Б (1:1, 0:0, 0:0, 0:0, 0:1)
Қазақстан – Беларусь – 1:4 (1:0, 0:2, 0:2)
Қазақстан – Латвия – 4:5 (2:1, 2:3, 0:1)

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети