29 сәуір 2014 18:39

"Сарыарқа" хоккей клубына ырым көмектесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото hc-saryarka.com сайтынан Фото hc-saryarka.com сайтынан

Жоғары хоккей лигасының биылғы чемпионатында жеңімпаз атанып, "Братина" кубогын ұтып алған қарағандылық "Сарыарқа" хоккей клубына спортта қалыптасқан ырым көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.


Жоғары хоккей лигасының биылғы чемпионатында жеңімпаз атанып, "Братина" кубогын ұтып алған қарағандылық "Сарыарқа" хоккей клубына спортта қалыптасқан ырым көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, кеше "Қарағанды - Арена" мұз айдынында өткен финалдық матчта жергілікті "Сарыарқа" хоккей клубы "Рубин" (Ресей, Түмен облысы) командасынан төртінші рет басым түсіп, Жоғары хоккей лигасының бас жүлдесі - "Братина" кубогын ұтып алған болатын. Ресми марапаттау салтанатынан кейін хоккейшілердің киім ауыстыратын бөлмесінде жиналған команда спортта қалыптасқан дәстүр бойынша кубокты шампанға толтырып, өз жеңістерін атап өтті. Дәстүр бойынша бірінші болып облыс әкімі Бауыржан Әбдішев шампаннан алды. Ал "Сарыарқаның" бас директоры Арғын Нығматуллин өткен чемпионаттағы бір оқиғаны еске алды.

"Бір жыл бұрын мен "Торостың" киім ауыстыратын бөлмесіне кіріп, хоккейшілерді құттықтап, ырым болсын деген ниетпен кубоктан шампан іштім. Сол кезде бұл дұрыс емес деді. Бірақ мен: "Осыдан көр де тұрыңдар, бір жылдан кейін "Братина" бізде болады!" деп айттым, - дейді А.Нығматуллин. 

Иә, өткен чемпионаттың финалында "Сарыарқа" хоккей клубы "Торостан" ұтылса да,  осы ырымның арқасында биыл өз мақсатына жетіп, "Братина" кубогын иеленді. "Торостың" өзін қарағандылық клуб жартылай финалда 4:0 есебімен ойсарата ұтып кеткен болатын.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети