23 наурыз 2014 11:03

"Сарыарқа" жартылай финалға бір табан жақындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото hc-saryarka.com сайтынан алынды Фото hc-saryarka.com сайтынан алынды

Жоғары хоккей лигасы плей-офф ойындарының екінші кезеңі аясында Қарағанды қаласының "Сарыарқа" хоккей клубы сырт алаңда "Кубань" (Ресей, Краснодар) командасын үшінші рет қатарынан жеңді, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі. Кешегі ойында қарсыластар бірінші болып шайба соқса да, "Сарыарқаның" хоккейшілері екі минуттың ішінде таразы басын теңестіре білді. Константин Макаровтың дәл соққысы қарсыластың қақпашысын қапы қалдырды. Алайда екінші кезеңнің басында "Кубань" қайтадан алға шықты. Есеп - 1:2. Қарағандылық клуб оған да мойымай, адуынды шабуылдары арқасында бір айыпсоққысын орындауға мүмкіндік алды. Ол булитті Александр Федосеев шебер орындап, таразы басын теңестірді. Ал кезең соңында "Сарыарқаның" шабуылшысы Константин Макаров дубльдің авторы атанды. Үшінші кезеңде шайба соғылған жоқ. Қорытынды есеп - 3:2. Айта кеткен жөн, бұған дейін "Кубань" командасын өз алаңында қабылдаған "Сарыарқа" екі рет қатарынан жеңіске жеткен болатын. Кешегі матчтан кейін жалпы есеп 3:0 болды. Енді, жартылай финалға шығу үшін "Сарыарқаға" тағы бір жеңіс керек. Оны бүгінгі ойын анықтайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети