Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

"Сарыарқа" түзде "Торосты" екінші рет тізерлетті

03 Сәуір 2014, 22:23
0
Сурет hctoros.ru сайтынан
Сурет hctoros.ru сайтынан
Сурет hctoros.ru сайтынан
Сурет hctoros.ru сайтынан

Ресейдің Жоғары хоккей лигасындағы Братина кубогының жартылай финалында қазақтың "Сарыарқасы" мен башқұрттың "Торосы" кездесуде. Алғашқы екі ойында Қарағанды клубы 4:1 және 3:2 есептерімен жеңіске жетті, - деп жазады Tengrinews.kz.

Осыдан бірер күн бұрын Гагарин кубогы додасында Астананың "Барысы" Уфаның "Салават Юлаевынан" аса алмағанда, Қазақстан жанкүйерлері "қазақ-башқұрт додасы одан әрі жалғасады, енді Қарағанды мен Нефтекамск клубтары арасындағы кездесулерге куә боламыз" деген. Әрі "Барыстың" есесін "Сарыарқа" қайтаратындығына сенімді екендіктерін білдірген болатын, отандық шайбалы хоккей жанкүйерлерінің көбісі.

Биыл "Сарыарқа" мен "Торос" клубтарының жолдары Братина кубогының жартылай финалында түйісіп отыр. Башқұртстан клубы Жоғары хоккей лигасының негізгі біріншілігінде Қарағанды командасынан жоғары орналасқандықтан, алғашқы екі кездесу Нефтекамскіде өтті.

Соның біріншісінде, яғни кеше Қарағандының "Сарыарқасы" 4:1 есебімен жеңіске жетті. Негізі, есеп 4:0 болуы керек еді?! Бірақ бұл ойында да төрешілер ресейлік клубқа болысқандай болып, матч соңында қарағандылықтар үш ойыншымен айдын иелерінің бес хоккейшісіне қарсы ойнауға мәжбүр болды. Олар осылай бір гол соғып, «нөль» болып ұтылудан аман қалды.

Осыдан бірер минут бұрын аяқталған екінші матчта "Сарыарқа" "Торосты" екінші рет тобықтан қақты. Есеп – 3:2. Айдын иелері соңғы минутта қақпашыларын алтыншы ойыншыға алмастырып, қыспаққа алса да, Қарағанды клубы олардың қауіпті шабуылдарына да, дөрекі әрекеттеріне төтеп берді. «Торос» өз жанкүйерлері алдында екінші рет ұтылып, "қылыштарын тасқа" (таяқшаларын мұзайдынға) ұрды...

Бір қызығы, төрешілер екі ойында да қит етсе, "Сарыарқа" ойыншыларын айдыннан қуып, аяусыз жазалады. Мысалы, бірінші ойындағы қарағандылықтардың айып уақыты 31 минут, ал екіншісінде 33 минут болды! Ал "Торостың" айып уақыты – екі матчта да 10 минуттан ғана...

Жалпы, "Сарыарқаның" да "Торостан" "алты аласы, бес бересі" бар. Былтыр екеуі Братина кубогының финалында кездесіп, "Сарыарқа" өрнекті ойынын көрсетсе де, ұзаққа созылған додада жеңіліске ұшыраған. Жалпы есеп 3:4 есебімен аяқталған. Ол кезде «Сарыарқаның» құрамы өте күшті еді. Бірақ басында басымдық танытқанымен, жалпы есепте ұтылып қалған. Былтырғы бас бапкердің біліктілігі жетпеді ме, әлде басқадай себептері болды ма, әйтеуір маусым бойы ЖХЛ-ға үстемдік құрып, осы лиганың рекордтарын жаңартқан "Сарыарқаның" шабыты шешуші кезеңде шау тартқан...

Қазақстандық жанкүйерлер соны әлі ұмытқан жоқ. Биыл былтырғы есесін қайтарса деп армандайды. Әрі "Салават Юлаевтың" "Барысты" Гагарин кубогынан тыс қалдырып, өзекті өртегені тағы бар.

Ендігі екі ойын Қарағандыда өтеді. "Сарыарқа" бүгінгідей сауатты ойын өрнегін көрсетсе, "Торос" қанша бұлқынып, қанша ашуға булықса да, ештеңе істей алмайтын шығар. Солай болғай...

Братина кубогы. Жартылай финал:
/1/ "Торос" (Нефтекамск) – /4/ "Сарыарқа" (Қарағанды) 0:2 (1:4, 2:3, 6 және 7 сәуір)


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай