Универсиада-2015: Қазақстанның хоккейші қыздары турнирді жеңіліспен бастады

05 Ақпан 2015, 09:23
0
Универсиада-2015: Қазақстанның хоккейші қыздары турнирді жеңіліспен бастады - ©сentralasiaonline.com
©сentralasiaonline.com

Хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы Испанияның Гранада қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиада турнирін жеңіліспен бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Хоккейші қыздарымыз алғашқы матчты Канадаға қарсы өткізді. Кездесу 7:1 (3:0, 1:0, 3:1) есебімен аяқталып, қарсыластардың пайдасына шешілді. Қазақстан командасынан жалғыз шайбаның авторы Меруерт Рыспек болды. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Универсиаданың хоккей турниріндегі келесі кездесуді Қазақстанның әйелдер құрамасы 7 ақпан күні өткізеді. Қарсыласы - Ресей командасы. 

Еске сала кетейік, хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы алғашқы кездесуде Жапония командасын 3:2 есебімен ұтып, Универсиаданы табысты бастады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай