Венгрияда хоккейден әлем чемпионаты кезінде Қазақстанның ескі әнұраны орындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Венгрияда хоккейден әлем чемпионаты кезінде Қазақстанның ескі әнұраны орындалды ©Tengrinews.kz

Венгрияда өтіп жатқан хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанның ескі әнұраны орындалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Венгрияда өтіп жатқан хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанның ескі әнұраны орындалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Келеңсіз жағдай ұйымдастырушылардың кесірінен Қазақстан құрама командасы Украина командасын жеңген кезде болды. Қазақстаннан барған делегаттар жарыс басталмай тұрып қазіргі әнұранды ұйымдастырушыларға берген, бірақ неліктен оның шырқалмағаны белгісіз. Мәселе турнир басшылығының отырысында талқыланатын болады. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Оңтүстік Кореяда әйелдер арасындағы бокстан VІІІ әлем чемпионатында Назым Қызайбайды марапаттау кезінде Қазақстанның бұрынғы әнұраны орындалған болатын. Спортшы қыз Джеджудегі ақтық сында 48 келі салмақ дәрежесі бойынша жеңіске жетті. Кейін ұйымдастырушылар мұны өздерінің техникалық қателігі деп мойындап, әйелдер құрамасының бапкері Вадим Присяжнюктен ресми түрде кешірім сұрады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети