24 қараша 2014 13:03

Кореяда бокстан әлем біріншілігінде Қазақстанның бұрынғы әнұраны шырқалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Youtube.com ©Youtube.com

Оңтүстік Кореяда әйелдер арасындағы бокстан VІІІ әлем чемпионатында Қазақстанның бұрынғы әнұраны орындалды, - деп хабарлайды "Алаш айнасы" газеті.


Оңтүстік Кореяда әйелдер арасындағы бокстан VІІІ әлем чемпионатында Қазақстанның бұрынғы әнұраны орындалды, - деп хабарлайды "Алаш айнасы" газеті.

Джеджу қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде Назым Қызайбай 48 келіге дейінгі категорияда әлем чемпионы атанды. Оңтүстік Кореяның Джеджу қаласында өткен жекпе-жекте ол Үндістаннан келген Шамджетсабам Сарджубаланы тізе бүктірді. Қазылар алқасы жеңісті 3:0 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешті. Айта кетейік, әлем біріншілігіне тағы да бір қазақстандық спортшы қатысады: 81 келіден жоғары салмақта Ләззат Күнгейбаева финалда Ресей спортшысы Зенфира Магомедалиевамен жұдырықтасады. 

"Ұйымдастырушылардың қателесуі де ықтимал. Десек те, мұндай салтанатты шара барысында (марапаттау кезінде) ондай дүниелерге бокстан Қазақстан құрамасының делегациясын бастап барған кісі жауапты болуы керек емес пе?!", - деп жазады басылым.

Айта кетейік, мұндай жағдай биылдыққа бірінші рет болып отырған жоқ. Осыған дейін Италияның Верона қаласында волейболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанның ескі әнұраны қойылған еді. Ал мұның алдында осындай жағдай Алматыда "Алматы" және "Бейбарыс" хоккей командалары арасындағы матчтың ашылуында болды. Ал оның алдында мұндай жағдай Тверь қаласында өткен хоккей ойынында да қайталанды. 2013 жылдың қаңтарында Ресей елінің Тверь хоккей клубы мен қазақстандық "Сарыарқа" командасы кездескен еді. Қазақстандықтар бұған қарамастан бұрынғы әнұранды соңына дейін тыңдауға мәжбүр болды.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети