Хоккейден Қазақстан құрамасы Польшада өтіп жатқан әлем чемпионатының барлық матчында жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хоккейден Қазақстан құрамасы Польшада өтіп жатқан әлем чемпионатының барлық матчында жеңіске жетті © Анастасия Тілеуова

Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының бірінші дивизионы А тобындағы қорытынды матчта Италия командасын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Командалар арасындағы кездесу 3:0 есебімен аяқталды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының бірінші дивизионы А тобындағы қорытынды матчта Италия командасын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Командалар арасындағы кездесу 3:0 есебімен аяқталды.

Андрей Назаровтың шәкірттері ойынның жетінші минутында есеп ашты. Максим Худьяковтың допты сәтті шығарып беруінен кейін Евгений Рымарев алғашқы ұпайды еншіледі. Қазақстан хоккейшілері осыдан кейін үшінші кезеңде ғана ұпайды еселей алды. Екінші шайба авторы Талғат Жайлауов атанды. Ал 54-ші минутта Алексей Воронцов ойындағы соңғы шайбаны салды.

Қазақстан құрамасы Краков қаласында өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионатының барлық матчында жеңіске жетті. Еске сала кетейік, осыған дейін қазақстандық команда Украинаны - 5:2, Венгрияны - 5:0, Жапонияны - 7:2 және Польша құрамасын 3:2 есебімен жеңді. Осыған орай қазақстандық хоккейшілер осы дивизиондағы алтын алқаны мерзімінен бұрын иеленді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети