24 сәуір 2015 08:29

Хоккейден Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатында ТОП-дивизионға мерзімінен бұрын шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Анастасия Тілеуова ©Анастасия Тілеуова

Хоккейден Қазақстан құрамасы поляктың Краков қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында ТОП-дивизионға мерзімінен бұрын шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Хоккейден Қазақстан құрамасы поляктың Краков қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында ТОП-дивизионға мерзімінен бұрын шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Хоккейден Қазақстан құрамасы Польша командасын жеңіп, бірінші дивизионның А тобындағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Ойын 3:2 есебімен аяқталды. Форвард Роман Старченко 37-ші және 56-шы минуттарда көзге түсіп, дубль жасады. Тағы бір шайбаны қорғаушы Роман Савченко 30 минутта салған болатын. Ал қарсылас командадан Бартоломей Поцеча мен Марчин Колуж есеп айырмасын қысқартты.

Осылайша, Қазақстан құрамасы төрт матч бойында мүмкін болған 12 ұпайды алып отыр. 25 сәуірде Андрей Назаровтың шәкірттері турнирдің соңғы матчында Италия құрамасымен кездеседі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети