2027 жылдан бастап ипотека бойынша жаңа мөлшерлемелер: кімдерге 20 пайызбен несие беріледі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

2027 жылдан бастап ипотека бойынша жаңа мөлшерлемелер: кімдерге 20 пайызбен несие беріледі? Фото depositphotos.com

Реттеушілер алдымен ипотекалық қарыздар бойынша ең жоғары мөлшерлемелерді 2026 жылғы 1 шілдеден бастап 20 пайызға дейін төмендетуді жоспарлаған болатын, бірақ бұл мерзімді 2027 жылға ауыстырды. Сонымен қатар банктер сараланған тәсілді қолдана алады, деп хабарлайды ТengriНome ҚНРДА мен Ұлттық банктің бірлескен қаулы жобасына сілтеме жасап.

Реттеушілер алдымен ипотекалық қарыздар бойынша ең жоғары мөлшерлемелерді 2026 жылғы 1 шілдеден бастап 20 пайызға дейін төмендетуді жоспарлаған болатын, бірақ бұл мерзімді 2027 жылға ауыстырды. Сонымен қатар банктер сараланған тәсілді қолдана алады, деп хабарлайды ТengriНome ҚНРДА мен Ұлттық банктің бірлескен қаулы жобасына сілтеме жасап.

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ипотекалық қарыздар бойынша екі шекті жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) енгізілуі мүмкін. Олардың мөлшері "несие-кепіл" коэффициентіне байланысты болады.

Анықтама: "несие-кепіл" коэффициенті (ағылш. loan-to-value, LTV) - бұл қарыз мөлшерінің кепіл нысанасының құнына қатынасы. Әдетте ипотекалық кредит беру кезінде қолданылады.

"LTV көрсеткіші сатып алынатын тұрғын үй құнындағы қарыз қаражатының үлесін көрсетеді және қарыз алушының бастапқы жарнасының мөлшеріне байланысты болады. Бастапқы жарна неғұрлым жоғары болса, LTV мәні, қарыз қаражатының үлесі және ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кредиттік тәуекел деңгейі соғұрлым төмен болады", - деп түсіндірді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

ҚНРДА Ұлттық банкпен бірлесіп 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ипотекалық қарыздар бойынша ЖТСМ-нің шекті мөлшерін енгізу туралы бірлескен қаулы жобасын дайындады:

  • LTV мәні қоса алғанда 0,7-ге дейін 20 пайызға дейін;
  • LTV мәні 0,7-ден жоғары болған кезде 25 пайызға дейін.

"Бастапқы жарнасы оның құнының кемінде 30 пайызы болатын тұрғын үй сатып алатын қарыз алушылар ипотекалық тұрғын үй қарыздарын неғұрлым төмен құны бойынша ала алады", - деп агенттік жаңашылдық мәнін нақтылады.

Бұл дегеніміз, бастапқы жарна неғұрлым жоғары және "несие-кепіл" коэффициенті неғұрлым төмен болса, коммерциялық банктен жылдық 20 пайызбен ипотека алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Егер LTV коэффициенті жоғары болса, қазақстандықтарға жылдық 25 пайызбен несие ұсынылады.

"Бұл ретте 2026 жылғы 1 шілдеден бастап 2027 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша ЖСТМ-нің шекті мөлшері қолданыстағы деңгейде – 25 пайыз болып сақталады", - деп нақтылады ҚНРДА.

Еске салсақ, реттеушілер бастапқыда коммерциялық банктердегі ипотекалық қарыздар бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) 2025 жылдың қарашасында 25-тен 20 пайызға дейін төмендетуді жоспарлаған болатын. Базалық мөлшерлеменің жоғары болуына байланысты бұл мерзім 2026 жылдың 1 шілдесіне ауыстырылды. Белгіленген уақытқа бір ай қалғанда мөлшерлемелер бойынша жаңа сараланған тәсіл ұсынылды.

Тағы оқыңыз: 1 шілдеден бастап ипотека арзандайды: сарапшы тұрғын үй нарығында не өзгеретінін түсіндірді

TengriEdu
Join Telegram