Алматыда 5 пайыздық ипотека іске қосылады: кімдер қарыз ала алады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 5 пайыздық ипотека іске қосылады: кімдер қарыз ала алады? Фото: ©️ Tengrinews.kz / Игорь Неволин

Алматылық жастар жеңілдетілген ипотекаға үміткер бола алады. Алматы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мәліметінше, "Алматы жастары" бағдарламасына қатысу үшін өтінім қабылдау 1-15 маусым аралығында өтеді. Не нәрсені білу маңызды? TengriHome негізгі мәселелерге тоқталады.

Алматылық жастар жеңілдетілген ипотекаға үміткер бола алады. Алматы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мәліметінше, "Алматы жастары" бағдарламасына қатысу үшін өтінім қабылдау 1-15 маусым аралығында өтеді. Не нәрсені білу маңызды? TengriHome негізгі мәселелерге тоқталады.

Қолжетімді қарызды кімдер ала алады?

Алматының 35 жасқа толмаған тұрғындары үміткер бола алады. Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, журналистика, әлеуметтік сала сияқты бағыттарда жұмыс істеуі шарт. Сондай-ақ жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының, құқық қорғау органдарының және коммуналдық қызметтердің қызметкерлері қатыса алады. Олармен тең дәрежеде "Жұмыс істейтін жастар" бағдарламасы бойынша баспананы жалға алушылар да бақ сынай алады.

Бұған қоса, үміткер келесі талаптарға сай болуы керек:

  • қалада кемінде бір жыл тұрақты тіркеуде болу;
  • кейінгі бес жылда қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің меншігінде баспананың болмауы;
  • Алматыда міндетті зейнетақы жарналары аударылған кемінде алты айлық ресми жұмыс өтілінің болуы.

Несиелендіру шарттары

  • бастапқы жарна - 10 пайыз;
  • қарыздың ең жоғары сомасы - 20 миллион теңгеге дейін;
  • пайыздық мөлшерлеме - 5 пайыз;
  • бастапқы және қайталама нарықтан баспана сатып алу мүмкіндігі.

Өтінімді қалай беруге болады?

Өтінім беру үшін kezekte.kz сайтындағы "Тұрғын үй қызметтері" - Almaty Jastary бөліміне өту қажет. Порталда ЭЦҚ арқылы авторлану керек. Өтінім қабылдау 1 маусым сағат 09:00-де басталып, 15 маусым сағат 18:00-ге дейін жалғасады. Анықтама телефоны: +7 (727) 225-14-57.

TengriEdu
Join Telegram