Алматыда Бутаковкадағы 17 жер телімі мемлекетке қайтарылды

Алматыда Бутаковкадағы 17 жер телімі мемлекетке қайтарылды Фото:depositphotos.com

Алматыда сот жалпы аумағы 7,7 гектардан асатын 17 жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарды. Бұл жерлер қаланың Медеу ауданындағы көпшілікке Бутаковка деген атаумен белгілі аумақта (қазіргі атауы Мұзтау шағынауданы) орналасқан. Жер телімдері не себепті мемлекетке қайтарылды?

Алматыда сот жалпы аумағы 7,7 гектардан асатын 17 жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарды. Бұл жерлер қаланың Медеу ауданындағы көпшілікке Бутаковка деген атаумен белгілі аумақта (қазіргі атауы Мұзтау шағынауданы) орналасқан. Жер телімдері не себепті мемлекетке қайтарылды?

Жер учаскелері Бекенбай өзені арнасының су қорғау аймағында орналасқан. Тексеру барысында мамандар осы учаскелердегі жылжымайтын мүлік нысандарының кадастрлық паспортын рәсімдеу кезінде заңбұзушылықтар анықталғанын хабарлады.

Анықтама: Кадастрлық паспорт – жылжымайтын мүліктің сипаттамасы мен жер учаскесі туралы мәліметтерді қамтитын сәйкестендіру құжаты.

Жарнама
Жарнама

"Тексеріс қорытындысы бойынша Алматының Жер ресурстарын басқару департаменті 17 жер учаскесіне қатысты сәйкестендіру құжаттарының күшін жою туралы нұсқама берді. Нұсқама талаптары орындалмағандықтан, департамент Алматының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арызбен жүгінді", – деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сот талап арызды толық қанағаттандырды. Жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына (әзірге бекітілмеген) сәйкес, су қорғау белдеулерінде құрылыс салуға толық тыйым салынады.

"Алматыдағы барлық өзен мен су арналарының су қорғау белдеулерінде (су жиегінен немесе габионның жоғарғы жиегінен 35 метр қашықтықта) кез келген күрделі құрылысқа толық тыйым салынады. Бұл тыйым іргетасы жерге көмілген күрделі емес құрылыстарға да қолданылады", – делінген Бас жоспар құжаттарында.

Бас жоспар қабылданғаннан кейін шенеуніктер су қорғау белдеулеріндегі құрылыстарға (әдетте бұл тұрғын үйлер, жанармай құю бекеттері, гараждар) тексеріс жүргізіп, оларды 2035 жылға дейін кезең-кезеңімен босату бағдарламасын әзірлеуі тиіс. Барлық құрылыс сүріледі.

Тағы оқыңыз:

Компот, Татарка және Маяктың жағдайы не болмақ? Алматыда Бас жоспар талқыланды

Алматыда жер телімдерін мемлекет қажеттілігіне алуға 152 миллиард теңге бөлінеді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама