Алматы бюджетіне түзетулер енгізілді. ТengriНome жылжымайтын мүлік пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа қатысты негізгі сандарды зерделеп көрді.
Алматы бюджетіне түзетулер енгізілді. ТengriНome жылжымайтын мүлік пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа қатысты негізгі сандарды зерделеп көрді.
Мәслихат сессиясында 2026 жылғы 10 маусымда қабылданған түзетулері бар бюджет "Алматы-ақшамы" газетінде жарияланды.
Түзетуге сәйкес, Алматының 2026 жылға арналған бюджеті мынадай:
- кірістер - 2,386 триллион теңге (ақпандағы түзетулерде 2,548 триллион болған);
- шығыстар - 2,687 триллион теңге (ақпандағы түзетулерде 2,745 триллион болған);
- тапшылық - минус 407,5 миллиард теңге (ақпандағы түзетулерде 244,2 миллиард болған).
Құрылыс басқармасына нысандарды сейсмикалық күшейтуге мынадай қаражат бөлінеді:
- балабақшаларға - 70,3 миллион теңге (бұған дейін бір миллиард теңгеден аса қаражат жұмсау жоспарланған болатын);
- мектептерге - 2,1 миллиард теңге (1,4 миллиард болған);
- денсаулық сақтау нысандарына - 511 миллион теңге (өзгеріссіз).
Сонымен қатар, құрылыс пен қайта жаңарту жұмыстарына:
- балабақшаларға - 4,8 миллиард теңге (өзгеріссіз);
- мектептерге - 49,3 миллиард теңге (48,9 миллиард болған);
- қосымша білім беру нысандарына - 12 миллиард теңге (14,6 миллиард болған);
- колледждерге - 176 миллион теңге (өзгеріссіз);
- денсаулық сақтау нысандарына - 46 миллиард теңге (68 миллиард болған);
- әлеуметтік қамсыздандыру нысандарына - 2,6 миллиард теңге (өзгеріссіз);
- әкімшілік ғимараттар кешеніне - 21,2 миллиард теңге.
Тұрғын үй сертификаттарына 300 миллион теңге қарастырылған. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға - 152,8 миллиард теңге. Аудандық әкімдіктерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және жайластыруға - 1,8 миллиард теңге бөлінеді.
Сондай-ақ құрылыс басқармасына келесі мақсаттарға қаржы беріледі:
- коммуналдық тұрғын үй қорының үйлерін жобалауға, салуға және қайта жаңартуға - 2,3 миллиард теңге;
- инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және жайластыруға - 3,3 миллиард теңге;
- коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтерлер сатып алуға - 58 миллиард теңге (бұған қоса, Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы осы шығыс бабы бойынша 120 миллион теңге алады).
Көшелерді жарықтандыруға аудандық әкімдіктер 12,3 миллиард теңге, ал Энергетика басқармасы - 10,7 миллиард теңге алады.
Жылу энергетикасы жүйесін дамыту 16 миллиард теңгеге бағаланды.
Тағы оқыңыз:
Үйлерді газға қосу: Алматыда маңызды шешім қабылданды
Жаңа үйдің қабырғасы сөгілсе, құрылыс салушы нені жөндеуге міндетті?