Алматыда Тілендиев көшесін ұзарту үшін тағы жер учаскелері алынады: мекенжайлар тізімі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Тілендиев көшесін ұзарту, учаскелерді алу Тілендиев көшесін ұзарту жобасынан фото

17 шілдеде Алматы әкімі мемлекет мұқтажы үшін Алатау ауданындағы жер учаскелерін мәжбүрлі түрде иеліктен шығару туралы қаулыға қол қойды. Құжат Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы сайтында жарияланды.

Тілендиев көшесін ұзарту: қай учаскелер алынады?

Алматыдағы Тілендиев көшесін Рысқұлов даңғылынан қала шекарасына дейін ұзарту жоспарланған. Жұмыстарды 2026 жылдың маусымында бастау көзделген. Осы мақсатта қала әкімі 10 учаскені алып қою туралы қаулыға қол қойды:

  1. Кадастрлық нөмірі 20-321-004-059, Өжет шағынауданы, Шалкөде көшесі, 44 (үлес).
  2. Кадастрлық нөмірі 20-321-004-059, Өжет шағынауданы, Шалкөде көшесі, 44 (үлес).
  3. Кадастрлық нөмірі 20-321-004-066, Өжет шағынауданы, Красноармейская көшесі, 24, жалпы алаңы 0,1854 га, иеліктен шығарылатыны - 0,1195 га.
  4. Кадастрлық нөмірі 20-321-004-221, Өжет шағынауданы, Сәдуақасов көшесі, 111А (үлестер).
  5. Кадастрлық нөмірі 20-321-004-221, Өжет шағынауданы, Сәдуақасов көшесі, 111А (үлестер).
  6. Кадастрлық нөмірі 20-321-004-362, Өжет шағынауданы, Оралтай көшесі, 214.
  7. Кадастрлық нөмірі 20-321-020-1628, Болашақ шағынауданы, 114/2 (үлес).
  8. Кадастрлық нөмірі 20-321-020-1628, Болашақ шағынауданы, 114/2 (үлес).
  9. Кадастрлық нөмірі 20-321-020-1660, "Птицевод" бау-бақша серіктестігі, Центральная көшесі, 25.
  10. Кадастрлық нөмірі 20-321-020-1661, "Птицевод" бау-бақша серіктестігі, Центральная көшесі, 29.

Иеліктен шығару процесі 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін аяқталуы тиіс. Жер иелеріне барлық сұрақ бойынша мына мекенжайға хабарласу ұсынылады: Төле би көшесі, 155, 6-қабат, 602-кеңсе.

"Қала жер орталығы" кәсіпорнына меншік иелеріне хабарлау, ал жер қатынастары басқармасына өтемақы төлеу тапсырылған.

Алматыдағы Тілендиев көшесін ұзарту: жобаның егжей-тегжейі

Алматыны дамытудың Бас жоспарына сәйкес, Тілендиев көшесін солтүстік бағытта қала шекарасына дейін созып, Үлкен Алматы айналма автокөлік жолына (ҮАААЖ) шығару жоспарланып отыр.

Экология министрлігінің экопорталында қоғамдық тыңдаулар үшін жарияланған жобаға сәйкес, ұзарту жұмыстары екі кезеңде жүргізіледі:

  • бірінші кезек - Рысқұлов даңғылынан Дархан шағынауданындағы Сабатаев көшесіне дейін;
  • екінші кезек - Дархан шағынауданындағы Сабатаев көшесінен қала шекарасына дейін.

"Құрылыс аяқталғаннан кейін Тілендиев көшесі қаланың оңтүстік аудандарынан ҮАААЖ-ға тікелей шығуды қамтамасыз етеді. Жобаланып жатқан екінші кезең учаскесінде Тілендиев көшесіне Боралдай көшесі қосылады. Ол бұл жолды Сорбұлақ тасжолынан (Шоссейная) Солтүстік айналма даңғылымен байланыстырады. Мұнда өндірістік базалар орналасқан және жобалау тапсырмасына сәйкес көлік айрығы салынады", - делінген Тілендиевті ұзарту бойынша жұмыс жобасында.

Көлік айрығы. Алматыдағы Тілендиев көшесін ұзарту жобасының картасы

Жолайрық құрылысы кезінде ұзындығы 38,3 метр болатын тоннель қарастырылған. Сонымен қатар, Алматы - Шу теміржол желісінің Боралдай - Алматы-1 станциялары аралығында автокөлік көпірін салу жоспарланған.

Учаскенің бірінші кезегінің ұзындығы - 5,84 шақырым. Жоба бойынша құрылысты 2026 жылдың II тоқсанында бастау көзделген еді. Алдын ала есептеулер бойынша жұмыстар 27 айға созылып, нысан 2028 жылы пайдалануға берілмек. Құны 26,2 миллиард теңгеге бағаланған.

Төрт жолақты трасса тұтастай алғанда Ұлжан-2, Өжет, Қарасу және Новый шағынаудандарындағы тұрғын үй алаптары арқылы өтеді.

"Тілендиев көшесінің ұзартылатын шекарасындағы "қызыл" сызықтар бойынша қолданыстағы жер учаскелері Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес мемлекет мұқтажы үшін алынады. Қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстар бұзылуға тиіс. Жерге орналастыру жобасына сәйкес, 392 жер учаскесі алынуы керек, бөлінетін жер көлемі - 31,4056 га", - делінген жобада.

Бұған дейін Алматыда Тілендиевті ұзарту үшін жер учаскелерін алу жоспары қала тұрғындарының наразылығын тудырған болатын.

Алматыда тағы қай учаскелер алынады?

Сонымен қатар, Алматы әкімі қол қойған соңғы қаулыларға сәйкес, автобус паркін салу үшін "BrightHorizon Capital" ЖШС-нен Түрксіб ауданындағы алаңы 9 га (кадастрлық нөмірі 20-317-005-249) учаске алынады. Мекенжайы: Спасская көшесі, 105/6, 105/7 учаскелер.

Түрксіб ауданында кәріз сорғы станциясын салу үшін тағы үш учаске алынады:

  • Кадастрлық нөмірі 20-317-105-269, Қайрат шағынауданы, 16-көше, 51.
  • Кадастрлық нөмірі 20-317-105-393, Қайрат шағынауданы, 53.
  • Кадастрлық нөмірі 20-317-104-1039, "Д. А. Қонаев" ӨК, 26/1.
Join Telegram