Бүгінгі жұлдыз жорамал: кім ескі қатесін түзетеді, кім күтпеген шешім қабылдайды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгінгі жұлдыз жорамал: кім ескі қатесін түзетеді, кім күтпеген шешім қабылдайды? Фото:depositphotos.com

2026 жылдың 4 мамырына арналған жұлдыз жорамал, барлық зодиак белгілеріне арналған: ақша, денсаулық, қарым-қатынас, жұмыс, кездесулер, сауда жасау. Кім жоспарын бірден өзгертуге мәжбүр болады, кімнің ескі қатені түзетуге мүмкіндігі болады және кім асығыс қорытынды жасауды кейінге қалдыруы керек? Tengri Life ұсынған нақты болжамды оқыңыз.


2026 жылдың 4 мамырына арналған жұлдыз жорамал, барлық зодиак белгілеріне арналған: ақша, денсаулық, қарым-қатынас, жұмыс, кездесулер, сауда жасау. Кім жоспарын бірден өзгертуге мәжбүр болады, кімнің ескі қатені түзетуге мүмкіндігі болады және кім асығыс қорытынды жасауды кейінге қалдыруы керек? Tengri Life ұсынған нақты болжамды оқыңыз.

Овен
Тоқты
21.03 - 20.04

Көптен бері жабылды деп есептеген тақырып күтпеген жерден қайта қозғалуы мүмкін. Біреу өзін еске түсіреді немесе ескі уәдесіне орындайды. Шұғыл әрекет етпеңіз - жағдай әлі де сіздің пайдаңызға шешілуі мүмкін.

Телец
Торпақ
21.04 - 21.05

Бүгін сіз үшін айналаңыздағы тыныштықты сезіну өте маңызды. Шу, асығыстық пен артық адамдар тез қажытады. Күніңіз неғұрлым қарапайым өтсе, кешке қарай өзіңізді соғұрлым жақсы сезінесіз.

Близнецы
Егіздер
22.05 - 21.06

Күтпеген жерден пайда табу мүмкіндігі туады. Бұл жеңілдік, қайтарым немесе сәтті сәйкестік болуы мүмкін. Бірақ бүгін тәуекелді шешімдер мен ойланбастан ақша жұмсауға қолайсыз күн.

Рак
Шаян
22.06 - 22.07

Жақындарыңыздың бірі әдеттегіден көбірек көңіл бөлуді талап етуі мүмкін. Әңгімеден қашпаңыз - қазір қасыңыздағы адамдар үшін кеңестен гөрі, сіздің жанашырлығыңыз маңыздырақ.

Лев
Арыстан
23.07 - 21.08

Бүгін сізді әдеттегіден мұқият тыңдайтын болады. Тіпті кездейсоқ айтылған сөз де біреудің сіз туралы пікіріне әсер етуі мүмкін. Аз сөйлеп, нық айтқан дұрыс.

Дева
Бикеш
22.08 – 23.09

Сіз көптен бері кейінге қалдырып келген мәселенің нүктесін қоясыз. Бұл болмашы нәрсе болуы мүмкін, бірақ ол ойыңызды айтарлықтай жеңілдетіп, күш-қуатыңызды арттырады.

Весы
Таразы
24.09 - 23.10

Көңіл күйіңізді көтеретін күтпеген хат-хабар немесе кездесу болуы мүмкін. Бұл күн маңызды уәделерге емес, жеңілдік пен шынайы эмоцияларға арналған.

Скорпион
Сарышаян
24.10 - 22.11

Біреу жоспарларыңызға араласуға немесе өз пікірін таңуға тырысады. Өз шекараңызды неғұрлым сабырмен белгілесеңіз, бәрі соғұрлым тез өз орнына келеді.

Стрелец
Мерген
23.11 - 22.12

Бүгін тіпті орта ауыстырудың өзі пайдалы болады. Жаңа орын, бағыт немесе кездейсоқ кездесу жағдайға басқа қырынан қарауға көмектеседі.

Козерог
Тауешкі
23.12 - 20.01

Сіздің талпынысыңыз, тіпті ешкім ашық айтпаса да, назардан тыс қалмайды. Күн жақсы белгі әкелуі мүмкін: жауап, мақтау немесе қажетті реакция.

Водолей
Суқұйғыш
21.01 - 19.02

Бүгін келген ой алғашқыда оғаш көрінуі мүмкін. Бірақ кейін дәл осы ой көптен бері шешілмей тұрған мәселені реттеуге көмектеседі.

Рыбы
Балықтар
20.02 – 20.03

Айналаңыздағылардың көңіл күйін тым өткір қабылдауыңыз мүмкін. Өзгелердің мәселесін өз мойныңызға алмаңыз - бүгін сіз үшін ішкі тыныштықты сақтау маңыздырақ.

Tengrinews