11 шілде 2018 16:12

WhatsApp фейкпен күресудің жолын тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ©REUTERS Сурет ©REUTERS

WhatsApp мессенджерінде  "қайта жіберілген хабарлама" деген жаңа функция пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ендігі бұл функция басқа қолданушылардан жіберілген хабарламаны көрсетіп отырады.


WhatsApp мессенджерінде  "қайта жіберілген хабарлама" деген жаңа функция пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ендігі бұл функция басқа қолданушылардан жіберілген хабарламаны көрсетіп отырады.

Осылайша WhatsApp желісінің қолданушылары досы жіберген хатты өзі жазды ма, әлде қайта жіберілген хабарлама ма, осыны анықтай алатын болды.

"Біреудің хатын жіберер кезде, абай болыңыздар. Бүгіннен бастап, WhatsApp желісі жаңа қосымшаны іске қосты- "қайта жіберілген хабарлама". Бұл қосымша ортақ топта я болмаса өзіндік хабарламада ыңғайлы болады.

Осы қосымшаның арқасында сізге келген хат шын мәнінде досыңызбен я туысқаныңызбен жазылғанын біле алатын боласыз. WhatsApp желісінің бұл жаңалығы сіздің ұялы телефоныңызда жақын арада пайда болады", - делінген WhatsApp желісінің сайтында таралған хабарламада.

"WhatsApp желісі сіздің қауіпсіздігіңіз жайлы қам жейді. Біз сіздерге басқа адамдардан көшіріп алған хабарламаларды таратуда сақ болуыңызға кеңес береміз. Сіз басу арқылы нөмірді бұғаттап я болмаса спамға жібере аласыз. Одан басқа сіз әрдайым WhatsApp желісінің әзірлеушілерімен тікелей байланысқа шыға аласыз. Толық ақпаратты WhatsApp желісіндегі жеке қауіпсіздік парақшасында оқи аласыздар", - деді әзірлеушілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети