12 маусым 2019 08:51

WhatsApp жаппай хабарлама таратқандарды сотқа береді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

 ©REUTERS ©REUTERS

WhatsApp мессенджерді пайдалану ережелерін бұзғандарға, соның ішінде бұқаралық немесе автомат түрде хабарлама таратумен айналысатын адамдарға қарсы талап іс қозғауды ұйғарды. Бұл туралы РИА Новости порталы мессенджердің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады.

"2019 жылдың 7 желтоқсанынан бастап WhatsApp мессенджерді пайдалану ережелерін бұзған, мысалы, хабарламаларды автомат немесе жаппай таратумен немесе жеке мақсатта емес пайдаланғандарға (қосымшалар), сондай-ақ, оларға көмектесетіндерге қарсы құқықтық әрекеттер қолданады", - делінген мессенджердің ресми сайтындағы хабарламада.

Кей компаниялар мессенджердің үнемі жетілдіріліп отыратынына қарамастан, оның машиналық жүйесін елегісі келмейді, дейді компания өкілдері. "Біздің өнім жаппай немесе автомат хабарламаларға арналмаған, ол әрдайым мессенджердің пайдалану ережелерін бұзу болып саналған... WhatsApp - әуел бастан адамдарға достары мен жақындарына хат жіберу үшін жасалған, ол жеке хабарларға арналған платформа", - деп жазылған мәлімдемеде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети