YouTube мобильді нұсқадағы жеке мессенджерін іске қосады

19 Қаңтар 2017, 20:59
0
YouTube мобильді нұсқадағы жеке мессенджерін іске қосады - © vesti.ru
© vesti.ru

Жуырда YouTube видеохостингі мобильді нұсқадағы жеке мессенджерін іске қосады, - деп хабарлайды vesti.ru.

Хабар алмасуға арналған бұл платформа өткен жылдың орта шенінен бері сыналып жатыр. Қазіргі уақытта ол Канада тұрғындарына ғана қолжетімді. 

Google компаниясы өкілдерінің сөзінше, канадалықтар әлемдегі өзге халықтарға қарағанда YouTube арқылы виедоны жиірек бөліседі екен. Сонымен қатар Солтүстік Америка елдерінің интернет-нарығы өте ұқсас келеді. Осыған байланысты Канада сынақ "алаңы" ретінде таңдалды. 

YouTube-ке мессенджер қызметін қосу арқылы Google компаниясы интернет пайдаланушылар тамашалаған видеосын Facebook желісіне ауыспай-ақ, компанияның қосымшасында талқылауға мүмкіндік бермек. 

Чат Android және iOS құрылғыларына орнатылады. Жаңа қызметтің өзге елдерде қашан іске қосылатыны нақтыланған жоқ 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай