27 желтоқсан 2014 13:03

Әлемдегі ең орынсыз селфилер топтамасы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Іnstagram ©Іnstagram

Екінің бірінде смартфон бар қазіргі заманда, селфи суретке түсірудің ең атақты түріне айналды. Қазір миллиондаған адам суретке түсуге болатын жерде өзін түсіріп, Instagram немесе басқа да әлеуметтік желілерде оны жариялай алады.


Екінің бірінде смартфон бар қазіргі заманда, селфи суретке түсірудің ең атақты түріне айналды. Қазір миллиондаған адам суретке түсуге болатын жерде өзін түсіріп, Instagram немесе басқа да әлеуметтік желілерде оны жариялай алады.

Ұлыбритания басылымы Daily Mail осы жылдағы ең ақылға қонымсыз селфилерді жариялады. Басылымның мәлімдеуінше, өзін смартфонның камерасына түсіргісі келетіндердің көпшілігі оғаш қылықтарды жиі істейді, олардың таңдаған фондары өздерінің қуанышты бет әлпеттеріне сәйкес келмейді. Ондай суреттер көптеген лайк жинайды, алайда олардың авторларына қатысты көп сын айтылады, біреулер күлсе, біреулер талғамның жоқтығы мен өнегесіздік деген баға береді.

Басылым жариялаған орынсыз селфилер топтамасына қайғылы жайттарда, мысалы көпір үстінде өз-өзіне қол жұмсағалы тұрған адамдарды фонға алып немесе өртеніп жатқан ғимарат алдында, ұшақтың қалдықтары, ағайындарының зираты немесе холокост құрбандарына қойылған ескерткіш алдында түсірілген суреттер кірді.

Бозбала қайғылы рәсім кезінде өзін табыттың жанында суретке түсірді

Сиднейде адамдарды кепілге алу кезінде түсірілген селфи

Америкалық өзін өрт кезінде суретке түсірді

Мұндағы фон да өрт

Селфидің фонында Освенцим фашистік концлагері

 

Қыздардың артында - Берлинде қаза болған еврейлер мемориалы

Гавайи аралдарына жақын жерде болған әуе апатынан аман қалған жолаушылардың бірі

Нью-Йорктегі Бруклин көпірі. Қыз суицид жасағалы тұрған жігіттерді фонға алып, суретке түсті

Америкалық мейірбике операция кезінде селфи жасады

Қыздың қолында - қаза болған бала күтуші әйелдің өртелген сүйегі салынған сауыт

Ұшақ түтіндеген кезде жасалған селфи

Адамдар суға батып бара жатқанда жасалған селфи.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети