12 ақпан 2019 08:09

Алматыда автобус жүргізушісі жолаушыларын қалдырып 1,5 сағаттан соң оралған

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан алынған кадр видеодан алынған кадр

Алматыда жолаушылары бар автобус жүргізушісі көлігін кенеттен тоқтатып, белгісіз бағытқа қарай кетіп қалды. Автопарктегілер мән-жайды айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда жолаушылары бар автобус жүргізушісі көлігін кенеттен тоқтатып, белгісіз бағытқа қарай кетіп қалды. Автопарктегілер мән-жайды айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқыс оқиға түскен видеоны әлеуметтік желілерде куәгерлер таратып жатыр. Олардың айтуынша, жүргізуші көлікті үнсіз тоқтатып, өзі шығып кетіп, оралмаған. "Басқа қалаларда қалай екенін білмеймін, бірақ Алматыда мұндайды алғаш көруім", - дейді видео авторы.

"Думан транс" ЖШС автопаркінің № 11 автобусының жүргізушісі Молдалиев 7 ақпанда сағат 21.00 шамасында Райымбек даңғылы бойымен шығыс бағытта келе жатып, "Момышұлы" аялдамасында автобустан шығып, белгісіз бағытқа қарай кетіп қалды. Іште қалған жолаушылар басқа автобусқа отырғызылды. Бір жарым сағаттан кейін жүргізуші оралды. Ол өз іс-әрекетін түсіндірмеді", - деді "Думан транс" ЖШС автопаркінің баспасөз қызметіндегілер.

Автопарк басшылығы келесі күні, 8 ақпанда жүргізушіні жұмыстан шығарды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети