07 шілде 2021 10:38

Алматыда жол апатына ұшыраған жүргізушілер төбелес шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Алматыда жол апатына ұшыраған жүргізушілердің дауласқан сәті түсірілген видео тарады. Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде Алматыда жол апатына ұшыраған жүргізушілердің дауласқан сәті түсірілген видео тарады. Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрлардан бірнеше ер адам апаттан кейін сөзге келіп қалғанын көруг болады, ал куәгерлер оларды арашалап жүр. 

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_kz +21 | ??Kz (@kris_p_kz)

"Алматы-Арасан шатқалындағы жол апаты. Mersedes жүргізушісі мас күйде жол жиегінде тұрған екі көлікті қағып кетті. Футболкасын шешіп тастаған ер адам бәріне оқталып жүрді", - делінген видео сипаттамасында.

Алматы Полиция департаменті өкілдері жол апаты 5 шілдеде сағат шамамен 17.00-де болғанын айтты

"А. есімді жүргізуші жол қозғалысы ережелерін, 2.4.2-бөлімнің талаптарын бұза отырып, мас күйде Mercedes маркалы көлігін басқарып, Казачка көшесімен солтүстік бағытта келе жатып Mercedes автокөлігімен соқтығысты, одан әрі BMW маркалы көлігін соқты. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі автомобиль де зақымдалды. Зардап шеккендер жоқ. Материалды Бостандық аудандық ПБ қызметкерлері өндіріске алды", - деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының басшысы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети