12 қаңтар 2018 14:01

Блогерлердің Telegram-ға көшуіне не себеп?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz коллажы © Тengrinews.kz коллажы

Қазіргі таңда адамдардың өмірі әлеуметтік желімен тығыз байланысты. Желіде отыратындар жасына, қалауына, санатына қарай сол желілердің бірінде белсенді болады. Мысалы: Ok.ru ("Однакласиники") - 40-тан асқандар жиі қолданады, ал Vk.com ("Вконтакте") - оқушылар, Facebook.com - мәселелерді талқылау алаңы, жұрттың пікірін білу, ал Instagram көп жағдайда сурет пен видео арқылы көңіл-күймен бөлісу. Ендігіде жаңа бір әлеуметтік желі әрі мессенджер рөлін атқаратын Telegram қосымшасы қарқынды дамып келеді. 


Қазіргі таңда адамдардың өмірі әлеуметтік желімен тығыз байланысты. Желіде отыратындар жасына, қалауына, санатына қарай сол желілердің бірінде белсенді болады. Мысалы: Ok.ru ("Однакласиники") - 40-тан асқандар жиі қолданады, ал Vk.com ("Вконтакте") - оқушылар, Facebook.com - мәселелерді талқылау алаңы, жұрттың пікірін білу, ал Instagram көп жағдайда сурет пен видео арқылы көңіл-күймен бөлісу. Ендігіде жаңа бір әлеуметтік желі әрі мессенджер рөлін атқаратын Telegram қосымшасы қарқынды дамып келеді. 

Осы орайда Тengrinews.kz тілшісі әлеуметтік желіде әр түрлі тақырыпта және үш тілде сапалы ой салып жүрген блогерлерден пікір алды. 

Бүгінде Telegram мессенджерінде 2800-ден аса жазылушысы бар Өркен Кенжебектің айтуынша, Facebook бара-бара блогерден не жазбашыдан керек деп тапқан жағдайда ақы төлеуін талап етіп жатыр екен. 

"Facebook соңғы 2-3 жыл бұрын өз аудиториясын қалыптастырғаннан кейін блогерлердің жазбасын қолданушылардың 30 пайызы көре алатын, былтыр ол 10-12 пайызға түсті, ал биыл 4 пайызға түскенін ресейлік блогер жазды. Егер сіздің жазбаңыз 15-20 минуттың ішінде жақсы қаралып жатса ғана, Фейсбук өздігінен ары қарай келесі аудиторияға таратады, ал ондай қажетті лайк жинамай, қаралмай жатса ол сізге ақылы түрде таратуды ұсынды. Осы жағынан Facebook өзін-қзі өлтіріп жатқан сияқты. Бірақ бұл жөнді жөнсіз пост жазуды шектеу үшін тиімді болуы мүмкін. Бірақ бұрынғыдай лайқ жинау, қаралымын көбейту қиындап кеткеннен кейін адамдар Telegram-ға көшіп жатыр", - деген блогер жаңа мессенджердің артықшылықтарына тоқталды.

"Telegram-ның артықшылығы Сіз оқырманның ойына, қалауына бейімделмейсіз, кері байланыс жоқ болғандықтан сіз өзіңіздің ақпаратты бересіз және сіздің каналыңызға жазылған адам (қанша болмасын) мессенджердің функциясын атқаратындықтан оны міндетті түрде көретін болады. Естеріңізде болса 2010-2012 жылдары WordPress-тегі қазақ блогтарын еске түсіреді. Ол бір Алтын дәуір болатын. 500-дей блог болып, сапалы контент құрылды. Әзірше Telegram-ға ақылды бастар өтіп жатқаннан соң Telegram-да сапалы контентке тұшынасың", - дейді блогер.

Facebook желісінде достарының саны 5000 мыңға жуықтаған, фолловерлер саны 800-ден асқан, әр түрлі тақырыпта және үш тілде сапалы ой салып жүрген блогердің бірі Самат Нұртаза бұл тенденцияға қатысты ойын үшке жіктеп берді.

"Біріншіден: Кез келген нәрсенің шарықтаған, жатырқаған және өшкен кезі болады. "Однакласники", Mail.ru деген әлеуметтік желілер бар. Бұрын қандай еді? Оларға қазір көп адам кірмейді де. Жалпы Facebook желісінде өз аудиториясын жинай алмаған немесе о бастан бері болмаған адам осы Telegram-ға барып, біріншілер қатарында болуды көздеп отырғандай. Мысалы: дүкенде кезекте тұрған адам жанынан бір касса ашылған уақытта бірінші болу үшін жүгіреді ғой сол секілді", - дейді ол.

Блогердің сөзінше, екіншісі ол Telegram-да жауап қайтару мүмкіндігі жоқ, ол көптеген адамға тиімді, себебі сынды қабылдай алмайтындар көп. Facebook желісінде де пікір жазуға не хабарландырудың келіп тұруына тосқауыл қоюға болады, бірақ оны ешкім баптауға кіріп, істегісі келмейді. Бұл тұрғыдан алсақ, Telegram-ды қолдану оңай.

"Үшіншіден - елге танымал кейбір блогерлер Telegram-ды бір элита қылмақшы, қарабайыр бұрынғы сол бір тобыр Facebook-те қалып, жаңа бір қоғамды Telegram-ға көшірмекші. "Ақылдылар осында боламыз" - деген тенденция пайда болды. Соның артынан ергендер көшіп жатыр", - деді Самат Нұртаза.

Ал ҚР Инвестиция және даму министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Жандос Байділданың айтуынша, Telegram Whatsapp мессенджерінің аналогы болып ашылғанымен, бүгінде барлық әлеуметтік желі мен мессенджер функциясын қоса атқарады, яғни артықшылықтары өте көп. 

"Хабарлама ретінде жіберілген суреттер мен видеолар сапасы тура сол қалыпта сақталады (Facebook, Whatsapp-та сапаны төмендетеді); хабарламаны өшіру мүмкіндігі (мессенджерлерде бұл функция енді ғана іске қосылды); қоңырау шалып, тілдесу кезінде қарапайым қоңырау шалғандағы сапамен бірдей; ақпарат таратуға канал арқылы өте ыңғайлы; компьютерге осы қосымшаны орнатқан кезде, интернет бар жоғына қарамастан жұмыс істейді; Галереяға суреттер мен видеолар, аудиожазбалардың тікелей жүктелуін өзіңіз реттейсіз, яғни қажеттісін ғана жүктеп алуыңызға болады. Егер оны кемшілік деп санайтын болсақ, болашақта оқырманмен байланыс функциясы (каналда таратылған ақпаратқа пікір білдіру жүйесі) іске қосылады деген ойдамын", - деп пікірін білдірді Жандос Байділда. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети