Дипломды қажет етпейтін сұранысқа ие 10 мамандық аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дипломды қажет етпейтін сұранысқа ие 10 мамандық аталды

Іскерлік байланыстар орнату және іздеуге арналған LinkedIn әлеуметтік желісі жоғары білім туралы дипломды талап етпейтін ең сұранысқа ие он мамандықтың тізімін жасады, - деп хабарлайды CNBC.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Іскерлік байланыстар орнату және іздеуге арналған LinkedIn әлеуметтік желісі жоғары білім туралы дипломды талап етпейтін ең сұранысқа ие он мамандықтың тізімін жасады, - деп хабарлайды CNBC.

LinkedIn нұсқасы бойынша танымал мамандықтар тізімі:

  • Бағдарламалық жасақтама әзірлеушісі.
  • Сауда өкілі.
  • Жоба менеджері.
  • IT әкімшісі.
  • Клиенттерге қызмет көрсету маманы.
  • Цифрлы маркетолог.
  • Қолдау қызметінің қызметкері.
  • Деректерге анализ жасаушы.
  • Қаржыға анализ жасаушы.
  • Графикалық дизайнер.

LinkedIn жинаған статистикаға сәйкес, коронавирус әлемдік еңбек нарығына айтарлықтай әсер еткен. Дағдарыс бүкіл әлем бойынша көптеген кәсіпорынды жұмыс орындарын қысқартуға және жаңа қызметкер қабылдауды тоқтатуға мәжбүр етті.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елімізде 700 мыңнан астам адам жұмыссыз қалғанын хабарлаған болатын. 

Ал АҚШ-та жұмыссыздық деңгейі 14,7 пайызға жетті. Содан кейін президент Дональд Трамп америкалықтарға көмектесу үшін жұмыс визасын беруді тоқтатты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети