16 маусым 2020 10:44

Енді WhatsApp арқылы төлем жасауға болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © Тұрар Қазанғапов Фото © Тұрар Қазанғапов

WhatsApp мессенджерінде электрон төлем сервисі қосылды. Бірақ әзірге ол пилоттық режимде тексеріліп жатыр. Алғашқы тест Бразилия тұрғындарының арасында өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


WhatsApp мессенджерінде электрон төлем сервисі қосылды. Бірақ әзірге ол пилоттық режимде тексеріліп жатыр. Алғашқы тест Бразилия тұрғындарының арасында өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бүгін Бразилияда WhatsApp пайдаланатын адамдар үшін төлемді қосамыз. Ақшаны жіберу және алу фотомен бөліскендей оңай болады. Сондай-ақ, біз шағын кәсіпкерге сатылымды тікелей WhatsApp арқылы жасауға көмектесеміз", - деп жазды Facebook басшысы Марк Цукерберг.

Оның айтуынша, жаңа функция үшін Facebook Pay сервисі әзірленген. Онда компанияға тиесілі қосымшаларда төлем жасау қауіпсіз әрі оңай.

"Жергілікті Banco do Brasil, Nubank, Sicredi секілді банктермен, сондай-ақ Cielo - Бразилиядағы озық төлем процессорымен жұмыс істеп жатырмыз. Бразилия - WhatsApp-тағы төлем сынақтан өтіп жатқан алғашқы ел. Жақында бұдан да көп болады", - деді Цукерберг.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети