20 ақпан 2014 09:39

Facebook WhatsApp мессенджерін сатып алатындығын жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Facebook әлеуметтік желісі WhatsApp мессенджерін сатып алатындығын жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz AFP-ке сілтеме жасап. Мәміле соммасы 16 миллиард АҚШ долларын құрайды. Келісілген мәмілеге сәйкес, WhatsApp қожайындары Facebook-тың жалпы көлемі 12 миллиард долларға пара-пар келетін акциясына ие болып қана қоймай, одан бөлек 4 миллиард долларды қолдарына алады. Сондай-ақ келісім-шартта көрсетілгеніндей WhatsApp-тың иелері мен қызметкерлері алдағы 4 жылда Facebook-тан қосымша 3 миллиард долларға тең акциясына да құда түсулеріне қақысы бар. Еске саламыз, 2013 жылы сәуірде Google компаниясының WhatsApp мессенджерін бір миллиард АҚШ долларына сатып алуға келіссөз жүргізіліп жатқаны жөніндегі ақпарат тараған болатын. Google WhatsApp-ты иелену арқылы Google Voice, Google Hangouts және Google Talk-ті қолданушыларға дыбыс және бейне байланыстың жаңа түрін ұсынбақшы болған. Нақтырақ айтқанда, WhatsApp хат, сурет, аудио және бейне материалдарды жіберуде байланыстың SMS пен MMS түріне балама болып табылады. Қазіргі таңда WhatsApp қызметін әлем бойынша 450 миллион адам пайдаланады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети