1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Ғаламтор

Хакерлер "Е-нотариат" пен "Техосмотр" жүйесіне шабуыл жасады 05 қазан 2018, 16:42

"Е-нотариат" пен "Техосмотр" жүйесіне хакерлік шабуыл жасалды, соның салдарынан провайдерлер бұғатталды. Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар"
© pixabay.com © pixabay.com

"Е-нотариат" пен "Техосмотр" жүйесіне хакерлік шабуыл жасалды, соның салдарынан провайдерлер бұғатталды. Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҰАТ" АҚ сайтында "Е-нотариат" пен "Техосмотр" ақпараттық жүйелері уақытша жұмыс істемейтіні туралы хабарлады. 

"Көптеген DDoS-шабуылдарға байланысты "Қазақтелеком" АҚ провайдері бұғатталып, жүйе уақытша жұмыс істемейді. Қазіргі уақытта провайдермен күшетілген жұмыстар жүріп жатыр", - делінген хабарламада. 

"Е-нотариат" - Қазақстан ақпараттық технологиялар нарығындағы ірі компания. Компания 2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі сәуірдің  4-і бекіткен "Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістіктің дамыту туралы" № 492 Қаулыға сәйкес құрылған. 2008-ші жылдан бері "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады.

"Техосмотр" - техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі барлық техникалаық байқаудан өту фактілері туралы ақпараттарды орталықтандырылған, сенімді және уақытылы жүргізу үшін, жол-көлік апаттарының болу себептерін ықшамдау және Қазақстандағы барлық техникалық байқау орталықтарын біріктіру үшін құрылған.