Instagram жаңа функцияны сынақтан өткізе бастады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram жаңа функцияны сынақтан өткізе бастады Иллюстрация: pixabay.com

Instagram желісінде "Үзіліс жаса" (Take a Break) жаңа функциясы сынақтан өткізіле бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram желісінде "Үзіліс жаса" (Take a Break) жаңа функциясы сынақтан өткізіле бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Instagram басшысы Адам Моссери мәлімдеді.

Жаңа мүмкіндік қолданушыларды белгілі бір уақыт ішінде контентті үздіксіз көргеннен кейін әлеуметтік желіден алшақтатуға мүмкіндік береді.

Болжам бойынша, әзірше жаңа функцияға пайдаланатын қолданушылардың саны шектеулі болады. Олар белгілі бір уақыттан кейін үзіліс туралы 10, 20 немесе 30 минут еске салғыштарды орната алады. Еске салғыштар ұсыныс не ескерту түрінде келеді.

Бұл функция міндетті болмайды, қолданушы өзі қосып, өшіре алады.

Моссери Instagram-ды сынақтан өткізгеннен кейін адамдардың пікірлері бойынша әсерін бағалап, толық енгізуді бастайды немесе қажет болған жағдайда оны қайта қарауға береді.

Бұған дейін Instagram желісінде блогерлердің эксклюзив контентіне ақылы түрде тіркелу функциясы пайда болады

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети