10 қараша 2021 09:27

Instagram ақылы жазылу функциясын іске қосады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © Тұрар Қазанғапов Фото © Тұрар Қазанғапов

Instagram желісінде блогерлердің эксклюзив контентіне ақылы түрде тіркелу функциясы пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі TechCrunch сайтына сілтеме жасап.


Instagram желісінде блогерлердің эксклюзив контентіне ақылы түрде тіркелу функциясы пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі TechCrunch сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, әлеуметтік желі АҚШ-қа арналған App Store-да қосымшасына ақылы тіркелу мүмкіндігін қосып қойғанын жазды, бұл функцияны тестілеу кезеңі басталғанын білдіреді. Жазылым құны 0,99 доллардан 4,99 долларға дейін болады.

Сурет: ©techcrunch.com

Әлеуметтік желі "эксклюзив контентпен" жұмыс істеп жатқаны туралы ақпарат жазда пайда болған еді. Жазба скриншоттардан қорғалған және күлгін түсті жұлдызшамен белгіленетіні айтылды. Әзірлеуші Алессандро Палуцци ақылы контент белгішесін көрсетті.

Қыркүйекте Super Follow ақылы жазылым функциясын Twitter әлеуметтік желісінде іске қосқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети