Instagram Ресей мен Украинадағы қолданушылар кімге жазылғанын жасырады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram Ресей мен Украинадағы қолданушылар кімге жазылғанын жасырады Фото: ©РИА Новости

Meta компаниясына тиесілі Instagram әлеуметтік желісі Ресей мен Украинадағы қолданушылардың кімге жазылғаны туралы ақпаратты жасырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tech Crunch басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Meta компаниясына тиесілі Instagram әлеуметтік желісі Ресей мен Украинадағы қолданушылардың кімге жазылғаны туралы ақпаратты жасырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tech Crunch басылымына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, компания ресейлік мемлекеттік БАҚ хабарламалары рейтингін төмендете бастайды. Енді осы ақпарат құралдарының кез келген хабарламасы басқа дереккөздер астына орналастырылады. Осы жазбалардың кез келгенін бөліскісі келген пайдаланушы енді "мемлекет басқаратын ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары" ақпаратын таратудан сақтандыратын хабарлама алады. Компания осылайша, екі ел қауымдастықтарын қорғауға ниетті екенін түсіндірді.

"Украина мен Ресейдегі қауымдастықтарды қорғау үшін енді осы екі елдегі қолданушылардың оқырманы мен кімге жазылғаны туралы ақпаратты жасырамыз", - делінген компания мәлімдемесінде.

Ресейдің мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарына байланысты домендерді көрсететін сілтеме стикерлерін бөлісетін пайдаланушылар да дәл осындай хабарландыру алады. Ресей үкіметінің жазбалары бұдан былай Reels-те көрсетілмейді, сонымен қатар олардың Stories-тегі көрсетілімі төмендейді.

"Instagram бұл жазбаны жасаған аккаунт ішінара немесе толығымен Ресей үкіметінің редакциялық бақылауында болуы мүмкін деп санайды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Ресейде Facebook-ке кіруге шектеу қойыла бастағаны хабарланған болатын. 

"Соғыстың бірінші құрбаны - шындық". Ресейде қандай БАҚ пен әлеуметтік желілер бұғатталған?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети