04 наурыз 2022 15:16

"Соғыстың бірінші құрбаны - шындық". Ресейде қандай БАҚ пен әлеуметтік желілер бұғатталған?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Ресейде тәуелсіз БАҚ пен Батыс жаңалық тарату ұйымдарының веб-сайтына, сондай-ақ бірнеше танымал әлеуметтік желілерге кіру мүмкіндігі жоқ. Қандай БАҚ пен платформалар бұғатталғаны туралы толығырақ Tengrinews.kz материалында.


Ресейде тәуелсіз БАҚ пен Батыс жаңалық тарату ұйымдарының веб-сайтына, сондай-ақ бірнеше танымал әлеуметтік желілерге кіру мүмкіндігі жоқ. Қандай БАҚ пен платформалар бұғатталғаны туралы толығырақ Tengrinews.kz материалында.

4 наурызға қараған түні ресейлік қолданушылар BBC және Deutsche Welle қызметінің веб-сайттарына, "Медуза" басылымы сайтына, сондай-ақ App Store және Google Play цифрлық дүкендеріне кіруге байланысты туындаған мәселелерге шағымдана бастады. Facebook пен Twitter әлеуметтік желісі де кейбір қолданушыларға қолжетімсіз болып шықты.

"Соғыстың бірінші құрбаны - шындық" деп жиі айтылады. Жалған ақпарат пен үгіт-насихат өршіп тұрған қақтығыс жағдайында адамдар сене алатын нақты және тәуелсіз жаңалықтардың қажеттілігі анық... миллиондаған ресейліктер BBC-ге жүгінеді", - деді BBC бас директоры Тим Дэви.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы (ТМД) интернет цензурасын бақылайтын Globalcheck қызметінің мәліметінше, Ресейде ВВС сайтына кіру деңгейі 17 пайыз. "Медузада" да көрсеткіш осындай. Айта кетейік, басылымның сайты Қазақстанда да бұғатталған.

"Достар. "Медуза" сайты Ресейде бұғатталған сияқты. Бұл уақыттар да өтеді. Біз жұмысты жалғастырамыз", - деп жазды "Медуза" редакторлары Telegram-да.

BBC мәліметінше, бұғаттауға Кремльдің Роскомнадзор "шынайы емес" деп таныған Украинадағы әскери операция туралы материалдарға шағымы себеп болған. Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова ВВС Ресейдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіруде шешуші роль атқаратынын айтып, Ресей "Украина оқиғалары төңірегінде өршу тудыратын бұрын-соңды болмаған ақпараттық терроризмнің құрбаны" екенін айтты.

Алайда BBC сайты Роскомнадзор мемлекеттік телекоммуникациялық қадағалау органының тыйым салынған сайттар тізіліміне енбегені айтылған.

Бұған дейін Ресейде хабар таратуы тоқтатылып, Мәскеу кеңсесіндегі қызметкерлері аккредитациясынан айырылған Deutsche Welle медиа-компаниясының сайтына да тосқауыл қойылған. "Азаттық" радиосы мен басқа да бірқатар ақпарат құралдарының сайты да бұғатталған.

DW веб-сайтына кіру деңгейі, Globalcheck мәліметтері бойынша, 0 пайызға, ал "Азаттық" радиосының веб-сайтына 83 пайызға дейін төмендеді. Роскомнадзор өкілдері басылымдар тәртіпсіздіктерге, экстремизмге және рұқсат етілмеген әрекеттерге қатысуға шақыратын интернет-ресурстар тізіліміне енгізілгенін айтты.

Соңғы мәліметтер бойынша, Facebook-ке кіру шамамен 30 пайыз. Бұғатталған ресурстар тізіміне Twitter де кірген - ресурстың қолжетімділігі небәрі 17 пайыз. Олар техникалық қауіпке қарсы шараларды (TSPU) қолдану арқылы бұғатталған деп болжанған. Бұл деректерді жаңарту арқылы GlobalCheck DDoS шабуылы жасалып жатқанын хабарлады.

Бұл ретте смартфондардағы әлеуметтік желі қолданбалары баяу болса да жұмыс істейді. Роскомнадзор тыйым салған сайттардың тізілімінде домендер жоқ.

Сонымен қатар, Роскомнадзор "Тайга.инфо" сайтын Украинадағы қақтығыс туралы жарияланымдарға байланысты бұғаттаған. Бұған дейін студенттердің Doxa журналының сайты "ресейлік үгіт-насихатқа сенетін туыстар және әріптестермен қалай сөйлесу керек екені туралы нұсқаулыққа байланысты" жабылған болатын.

Сондай-ақ "Настоящего времени", New Times, "Крым.Реалии" сайттары мен "Интерфакс-Украина" сайтының орыс тіліндегі нұсқасы да бұғатталған. Бас прокуратураның талабы бойынша украиналық "Гордон", "Корреспондент" және "Украинская правда" басылымдары тыйым салынған сайттар тізіліміне енгізілген.

Роскомнадзор Украинада болып жатқан оқиғаларды "соғыс" деп атағаны үшін "Новая газета", "Медиазона" және басқа да БАҚ материалдарын алып тастауды талап еткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети