1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Ғаламтор
Серіктестік материал

Интернетті өз қолыңмен "сипап көру" 30 қыркүйек 2021, 19:17

Tele2 және Altel брендтерін өкілдейтін "Мобайл Телеком-Сервис" компаниясының CEO-сы Қостанай облысында ауылдағы интернетті сынап көрді. Сергей
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Tele2 және Altel брендтерін өкілдейтін "Мобайл Телеком-Сервис" компаниясының CEO-сы Қостанай облысында ауылдағы интернетті сынап көрді. Сергей Коньков әсіресе "250+" бағдарламасы бойынша қосылған ауылдарға ерекше назар аудара отырып, бүкіл елді аралап шығуды жоспарлауда. Ауылдағы интернетті сынаумен қатар, еліміздегі аса ірі оператордың топ-менеджерінің тағы бір көздеген мақсаты - қазақ тілін үйрену.

"Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-де бас директор лауазымын атқаратын Сергей Коньков интернеттің арқасында орын алған жақсаруларды өз көзімен көру үшін мүмкіндігіше көбірек ауылдық елді мекендерге баруды мақсат етіп қойды. Әрине, "250+" бағдарламасы аясында Tele2/Altel қосқан ауылдарға баса назар аударылады. Кең ауқымды тізімде бірінші кезекте - Қостанай облысының ауылдық елді мекендері болды.

"Біз өткен жылы өзіміз жүздеген базалық станциялар орнатқан өңірлерге бірқатар сапарлар жоспарладық. Мобильді байланыс ауылдықтардың өмірінде аса маңызды орын алады деп сеніммен айтуға болады. Мысалы, біз барған Алтын Дала ауылында танымал мессенджердегі ортақ чат өзекті мәселелерді жедел түрде талқылауға және шешуге жәрдемдеседі. Мұнда интернеттің жақсы жылдамдығы жайлы оқуға, бейне көруге, басқа облыстардағы туыстармен тілдесуге мүмкіндік береді. Жергілікті балақайлар интернетті оқу және ойын үшін белсенді түрде пайдаланады. Бәлкім, осында келешек киберспортшылар өсіп келе жатқан болар. Яғни, жаңа технологиялардың келуімен ауыл расында өзгеруде", - деп атап өтті Сергей Коньков.

Қостанай облысының ауылдарындағы ең танымал мессенджер - Whatsapp-тың көмегімен тұрғындар тек бір-бірімен ғана тілдеспейді. Олар мессенджерде ауылдың дамуын әкіммен белсенді трде талқылайды. "Мобайл Телеком-Сервис" СЕО-сы барған ауылдардың сауалнамадан өткен әрбір екінші тұрғыны көшетті өңдеудің, зиянды жәндіктерден құтылудың немесе бақша құрал-сайманын жөндеудің әдістерін интернеттен білгенін атап өтті. Сондай-ақ сұхбаткерлер YouTube бейнехостингінің маңыздылығын атап өтуде, онда балаларға арналған контентті, сондай-ақ көптеген оқыту бейнелерін әрдайым табуға болады. Мысалы, ағылшын тілі сабақтары.

"Ауылдықтар интернеттің көмегімен шет тілдерін үйреніп жатқан кезде, мен осындай жұмыс сапарлары арқасында қазақ тіліндегі сөздер, сөйлемдер және мәтелдер бойынша сөз қорымды толықтыруға тырысамын. Яғни, жұмысқа қатысты тұстармен қатар, менің жеке мақсатым - ауылдағы адамдармен жай ғана тілдесу арқылы қазақ тілін үйренуде алға қадам жасау", – деді Сергей Коньков.



Join Telegram