08 қараша 2019 | 16:31

Интернетте жеке мәліметтер қалай тарап кетеді? Маман қауіптің алдын алу жолдарын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Соңғы кездері әлем бойынша Интернетте қолданушылардың жеке мәліметтері тарап кетіп жатқан жағдайлар көбейіп жатыр. Кез келген адам жүйеге еркін кіріп, ондағы мәліметтерді өзіне толығымен жүктей алатын мүмкіндігі болған. Осыдан кейін қазақстандықтар жеке деректеріне алаңдаушылық білдіре бастады. Ол расында да қауіпті ме? Мәліметтер неге тарап кетіп жатыр? Оның алдын алуға бола ма? Бұл туралы Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы заңды тұлғалар бірлестігінің директоры Арман Абдрасилов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

Соңғы кездері әлем бойынша Интернетте қолданушылардың жеке мәліметтері тарап кетіп жатқан жағдайлар көбейіп жатыр. Кез келген адам жүйеге еркін кіріп, ондағы мәліметтерді өзіне толығымен жүктей алатын мүмкіндігі болған. Осыдан кейін қазақстандықтар жеке деректеріне алаңдаушылық білдіре бастады. Ол расында да қауіпті ме? Мәліметтер неге тарап кетіп жатыр? Оның алдын алуға бола ма? Бұл туралы Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы заңды тұлғалар бірлестігінің директоры Арман Абдрасилов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.

Арман Абдрасилов соңғы кездері қолданушылардың жеке мәліметтеріне деген сұраныстың және онлайн қызмет көрсету түрлерінің көбейіп кетуіне байланысты кибершабуылдардың көбейіп жатқанын айтады. Хакерлер бұрын компанияға ғана залал тигізсе, қазір адамдардың жеке мәліметтеріне көшті дейді.

Жеке мәліметтер неге таралып жатыр?

"Қазіргі таңда Интернетте түрлі сайттар, сервистер пайда болды. Олардың әрқайсында "авторизация", "аутентификация" сияқты функциялар бар. Яғни кез келген сайтқа кіргенде ол адам қолданушы ретінде тіркеліп, өзінің логині мен паролін жазуға міндеттеледі. Мұның барлығы қауіпсіздік үшін жасалады. Пошта болсын, онлайн сауда жасаған кезде кез келген қолданушы тіркелуі қажет. Мысалы, Google, Facebook сияқты желілер қауіпсіздікті бірінші орынға қояды. Ал басқа сервистер, мысалы, онлайн саудамен айналысатын немесе енді дамып келе жатқан әлеуметтік желілерде мәлімет сақтау қауіптірек. Себебі онда көптеген мәлімет сақталады да бірақ сервис ондай көлемдегі мәліметтің қауіпсіздігіне жауап бере ала алмай қалады", - деп ескертеді Абдрасилов.

Маманның айтуынша, көбіне хакерлер қолданушылардың бірінің мәліметіне қол жеткізсе, бірден 1 000 немесе миллион қолданушының жеке мәліметін көре алады. Кибернарықта олар бұл мәліметтерді сата алады, осымен бұл ұтымды. 

Мәліметтер тарап кетсе не істеу керек?

Өкінішке қарай, маманның айтуынша, жеке мәліметтерді хакерлерден толықтай қорғау мүмкін  емес. Мәліметтер кез келген секундта тарап кетуі мүмкін.

Оған түрлі факторлар әсер етеді - Интернет, ұялы байланыс операторы немесе банк тарапынан қандай да бір қателік кетеді. Бірақ жеке мәлімет тарап кеткен жағдайда бірінші кезекте парольді ауыстыру қажет. Ресми сайтқа немесе кез келген әлеуметтік желіге кіргенде міндетті түрде екі реттік авторизация жасау қажет. Мысалы, біреуін пошта арқылы, ал екіншісін Facebook желісі арқылы. Бұл хакерлердің жұмысы қиындатады", - дейді Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы заңды тұлғалар бірлестігінің директоры.

Ақша ұрланса қалай әрекет ету қажет?

Абдрасиловтың айтуынша, Интернетте қолданушылардың мәліметтері таралуы салдарынан қандай да бір шығын келтірілсе, онымен құқық қорғау органдарының өкілдері айналысады.

"Жеке мәліметтерден, банк карталарынан ақша ұрланған жағдайда бірден полицейлерге хабарласу керек. Себебі бұл ұрлық дерегі, Қылмыстық кодекс бойынша жазаға тарту керек. Қазір алаяқтардың құрбандары болып жатқан адамдар аз емес. Бірақ олар құқық қорғау органдарына шағымданбайды, себебін анықтамайды. Сондықтан да елімізде киберқылмыс бойынша статистика айтарлықтай қорқынышты болып көрінбейді, бірақ шын жүзінде киберқылмыстар көбейіп жатыр, сол себепті онымен күресу керек, шараларды күшейту қажет", - дейді ол.

 

Қалай алдын алуға болады?

Арман Абдрасилов қолданушылардың көбі бүкіл сервисте бірдей логин мен бірдей құпиясөз қолданатынын айтады. 

"Барлық сервисте бірдей логин мен бірдей пароль қою басты қателік десе болады. Хакерлердің барлығы мұны біледі, осымен күн көріп жүр. Тіпті қарапайым Instagram мен Facebook желілерінде бірдей құпиясөз қояды. Ол дұрыс емес. Себебі хакерлер осындай жолмен қолданушылардың банктегі аккаунттарына да оңайлықпен кіре алады. Сондықтан әр сервисте әртүрлі пароль қолданған жөн", - деп кеңес береді маман.

Сондай-ақ, ол әр 3-6 ай сайын парольді өзгертіп тұру керектігін және ол құпиясөздердің сапалы болуы міндетті екенін айтады.

Оқи отырыңыз:

11 миллион адамның мәліметі тарап кетті: Қазақстандықтарға қандай қауіп бар

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети