Kcell SMS арқылы өткен спамдарды қадағалап, жолдарын кесе алмайды, себебі оларда абоненттер арасындағы хаттарды оқу құқығы жоқ. Бұл туралы "Кселл" АҚ корпоративтік байланыс бойынша менеджері Наталья Еськова айтып, қазақстандықтарға жолданған интим-қызмет туралы хабарламаларға қатысты комментарий берді.
Kcell SMS арқылы өткен спамдарды қадағалап, жолдарын кесе алмайды, себебі оларда абоненттер арасындағы хаттарды оқу құқығы жоқ. Бұл туралы "Кселл" АҚ корпоративтік байланыс бойынша менеджері Наталья Еськова айтып, қазақстандықтарға жолданған интим-қызмет туралы хабарламаларға қатысты комментарий берді.
Айта кетейік, SMS-хабарламалар sms.kaz сервисінің көмегімен жолданған. Kcell мамандарының мәлімдеуінше, компания SMS жарнамалар жіберумен айналыспайды, сонымен қатар, провайдерлер жолдаған хабарламалары үшін жауапты болады. "Сонымен қатар, жарнама SMS хабарламалардың көпшілігін Kcell мен оның серіктестерінің қатысуынсыз үшінші жақ тарап жолдайды. Ондай мәндегі хабарламалар келгенде абоненттерге сол сілтемедегі номерге хабарласып, күмәнді ұйымдар мен интернет-сайттарда өз номерлерін қалдырмауға кеңес береміз. Kcell өз тарапынан ондай спамдарды қадағалап, жолдарын кесе алмайды, себебі компанияның абоненттер арасында жазылған SMS хабарламаларды оқуға құқығы жоқ", - деді Еськова.
Оның мәліметінше, қазір байланыс операторы сол хабарламаға қатысты тексеру жүргізіп жатыр. "Сонымен қатар, біз мынандай жағдайлардың да кездесетінін айта кеткіміз келеді, спам сілтеме жолдағандар оны жіберген номерді өзгертеді. Сонымен қатар, біздің компанияда "Антиспам фильтр" жұмыс істейді. Ол платформа сырттан, яғни роуминг-каналдар арқылы келген SMS-спамдарды блокқа түсіру үшін орнатылған. Ал WhatsApp пен өзге интернет-мессенджерлер арқылы жолданған хабарламаға қатысты айтатын болсақ, Kcell компаниясының құрылғысы мұндай жағдайда тек интернет трафикті анықтай алады, сондықтан қандай да бір талдау мен фильтрация жүргізе алмайды", - деп хабарлады байланыс операторының өкілі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Tengrinews.kz оқырмандарының бірінің Бас прокуратура мен ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитетіне арыз түсіргені хабарланған болатын. Оның айтуынша, 2015 жылдың 30 қарашасында оған интим мәніндегі қызмет ұсынатын сайттың сілтемесімен SMS-хабарлама келген. Сонымен қатар, адвокат Ерлан Кемешев қазақстандықтардың спам мәселесінде қорғансыз екенін айтқан еді. Оның айтуынша, заңнамада спам жолдайтындарды жауапқа тартуға мүмкіндік беретін қандай да бір механизмдер жоқ. Айта кетейік, қазақстандықтар бүгінде күн сайын қаламаған ақпарат алуға мәжбүр.