Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Ғаламтор

iPhone 14 қашан шығатыны белгілі болды 25 тамыз 2022, 17:36

Apple компаниясының күзгі таныстырылымы 7 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23.00-де өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компания
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Apple компаниясының күзгі таныстырылымы 7 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23.00-де өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компания сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара Apple Park кампусындағы "Стив Джобс театрында" өтеді.

Apple тұсаукесерде iPhone 14 смартфондар желісін және Apple Watch Series 8 смарт-сағатын таныстыруы керек. Сонымен қатар, компания iOS 16 және басқа микробағдарламалардың шығу күнін жариялайды.

Сонымен қатар, Apple тұсаукесер аясында Apple Watch SE 2 және Apple Watch Pro-ны таныстыруы мүмкін. Бұл туралы бұрын Bloomberg сарапшысы Марк Гурман хабарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram