1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Ғаламтор

Жаңа жыл түні WhatsApp әлем бойынша істен шықты

Жаңа жыл түні WhatsApp мессенджерінде ақау шықты. Еліміздің көптеген қалаларында осы қосымша арқылы хат алмаса алмағанын айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, танымал мессенджерде ақау шыққаны жайлы Еуропа, АҚШ, Латын Америкасы, Азия және Таяу Шығыс елдерінің тұрғындары да хабарлаған. Біреулері мессенджерді аша алмаса, басқалары хабарлама жолдай алмағанын айтып, шағымданған. 

Осыған байланысты Twitter желісінде #whatsappdown деген арнайы хештег те пайда болды. 


WhatsApp желісі арқылы хат алмаса алмаған өңірлер © downdetector.com