27 мамыр 2021 15:36

Желіде соңғы қоңырауда талып қалған қыздың видеосы 3 миллионнан аса қаралым жинады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда соңғы қоңырауда талып қалған қыздың видеосы TikTok-та 3 миллионнан аса қаралым жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Петропавлда соңғы қоңырауда талып қалған қыздың видеосы TikTok-та 3 миллионнан аса қаралым жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соңғы қоңырауды ұзақ күткен едім. Бірақ сахнада өзіміді нашар сезіне бастадым" деген тақырыппен жүктелген петропавлдық қыздың TikTok-та 3,3 миллион рет қаралды.

Видеода мектеп түлегі соңғы қоңырауда есінен танып қалады. Оқиға қыз сахнаға қарай баспалдақпен түсіп бара жатқанда болады. Куәгерлердің айтуынша, мектеп оқушысына дәрігер көмек көрсеткен. Кейін қыздың жағдайы жақсарған. 

Пікірлерде мектеп оқушысы не болғанын түсіндірді. 

"Күн өтіп кеткен шығар. Оған қоса, бір күн бұрын талдауға көп қан тапсырдым, ол да үлкен рөл ойнады", - деп жазады @emalyasova.

СҚО Білім басқармасы әзірге оқиғаға қатысты түсінік берген жоқ. 

Айта кетейік, Петропавлда 25 мамырда күн +38 градус ыстық болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети