"Жұмысымыз лайк санымен өлшенеді". Instagram-ның жаңа жобасы бәсекені азайта ма?

20 Желтоқсан 2019, 16:11
0
"Жұмысымыз лайк санымен өлшенеді". Instagram-ның жаңа жобасы бәсекені азайта ма? - © Reuters
© Reuters

Instagram әлеуметтік желісі осыдан бірнеше уақыт бұрын бірқатар елде "лайк" санын жасыратын пилоттық жобаның жүзеге асырылатынын хабарлаған. Бұл туралы Instagram өзінің Twitter парақшасында мәлімдеген еді. Әлеуметтік желіден қарапайым ғана фунцияның алынуына маңызды себеп бар. Желі басшылығы бұл қадам интернеттегі қысымды, бәсекелестікті азайтады деген пікірде.

"Лайк" әлеуметтік бәсекеге әсер ете ме?

"Біз тестілік режимді барлық елде жүзеге асыра бастаймыз. Егер сіз біздің тарапымыздан таңдалып алған акаунт қатарына кірсеңіз, сізде лүпіл мен көрсетілім саны көрінбейтін болады", - делінген хабарламада.

Канадада басталған бұл жоба кейін Аустралия, Бразилия, Италия, Ирландия, Жаңа Зеландия және Жапония елдерінде қолданысқа енгізілді. Жыл соңына қарай көршілес Ресей аумағындағы Instagram қолданушылары да "лайк" санын көре алмайды.


Фото: engadget.com

Әлеуметтік желінің басшысы Адам Моссери аталған шешім әлеуметтік қысымды азайту, бәсекелестікті жою, сондай-ақ оқырмандардың басты назарын контенттің сапасына аудару мақсатында жүзеге асырып жатқанымен түсіндірді.

Instagram басшылығының пікірінше, бұл бастама кибербуллингті, яғни интернетте біреуді мазаққа айналдыруды азайтады. Себебі әлеуметтік желілерде бүгінде "лайк" үшін кез келген қадамға барып, өзіне шектеу қоймайтындар көбейген.

"Бұл шешім вайнерлер мен блогерлерге тиімсіз"

Әзірге қазақстандықтар арасында "лайк" саны көрінбей, пилоттық жобаның "құрбанына" айналғандар жоқ. Дегенмен алдағы уақытта Қазақстан территориясын да бұл үрдіс қамтыйтыны түсінікті. Бірінші кезекте бұл Instagram желісін табыс көзіне айналдырған блогерлер мен вайнерлерге, өнер жұлдыздарына әсер ететіні белгілі.

Мысалы, вайнер Хаким Мукарам енді "лайк" болмайтыны инста-блогерлерге коммерциялық тұрғыда қиын болатынын айтады.

"Жалпы, жалпақ жұрт үшін бұл өте тамаша жоба деп ойлаймын. Ал "лайк" санап өмір сүретін блогерлер мен вайнерлер үшін тиімсіз. Себебі біздің жасаған жобамыздың бағасы лайк санымен өлшенеді. Коммерциялық жағынан бізге қиын соқпақ. Жарнама берушілердің барлығы дерлік "лайк" санына қарайды. Бір сөзбен айтқанда, контент өндіретін адамдар үшін қолайсыз, ал контент тұтынушыларға өте жақсы", - дейді ол.


© REUTERS/Thomas White

Скетчтерімен танылған Хаким Мукарам бұл жаңа бастаманың Қазақстанға әлі келмегені үшін нақты кемшіліктерін айта алмайтынын тілге тиек етті.

"Бұл әлі нақты шешім деп ойламаймын. Аудиторияның пікірімен де санасатын болар. Қазақстанға әлі жете қойған жоқ. Бізде жүзеге асқан кезде нақты кемшіліктері мен артықшылықтарын көре жатармыз", - дейді вайнер.

Ал Instagram желісіне коммерция тұрғысында қарамай, тек тұтынушы болатындарға бұл функцияның алынуы аса қорқынышты емес. Еркін күрестен әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері Нұрислам Санаев осындай пікірде.

"Өз басым "лайк" санап өмір сүретіндер қатарынан емеспін. Сол себепті аса бір қиындық тудырады деп ойламаймын. "Лайк" өмірдің өлшемі дегенге мүлдем келіспеймін. Адамдар да ақымақ емес. Өзіне ұнағанына лүпіл басады, ұнамасы ары қарай парақтай береді. Дегенмен танымал адамдарға салған суреттерің, видеоларың ұнап жатса, қуанып қалатыным жасырын емес", - дейді спортшы.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай