07 маусым 2021 13:51

Каспий тартылып барады: Ақтау жағалауы 2004 жылдан бері қалай өзгерді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:lada.kz Фото:lada.kz

YouTube-те Ақтаудың жағалауы кейінгі жылдары қалай өзгергені көрсетілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


YouTube-те Ақтаудың жағалауы кейінгі жылдары қалай өзгергені көрсетілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтаудағы жағалау сызығының 2004 және 2008 жылдар аралығындағы салыстырмалы суреттер топтамасы Caspy Media YouTube-арнасында жарияланды. Кадрлардан осы уақыт ішінде Каспий теңізінің таязданғанын көруге болады. Су әдеттегі жағалау сызығынан, "Бриз" яхта клубынан, 4-шағынаудандағы еңістен, "Шағала" санаторийінен, 4-шағынаудандағы жартастан, 9-шағынаудандағы жағалаудан және 14-шағынаудандағы жағалаудан едәуір алыстап кеткен.

Еске салайық, бұған дейін Google Earth қызметі 1984 жылдан 2020 жылға дейін адам әсерінен жер қалай өзгергенін көруге мүмкіндік беретін жаңа функцияны ұсынған еді. Осы функцияның көмегімен Қазақстан қалаларының да қалай өзгергенін байқауға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети