02 қыркүйек 2015 14:09

Қазақстан ауылдарына жоғары жылдамдықтағы Интернет 5-6 жылдың ішінде жетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© internet-nn.ru © internet-nn.ru

Қазақстанда тұрғындар саны 250 адамнан асатын ауылды елді мекендер 5-6 жылдың ішінде талшықты оптикалық байланыспен және Интернетпен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы бүгін ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов "Әлеуметтiк қамсыздандырудың мақсаттарына жетудегi АКТ саласының стандарттары мен бiрыңғай шешiмдерiн қабылдау жолдары" атты әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар бойынша ХӘҚҚ XIV Халықаралық конференциясының барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің сайтына сілтеме жасап.

"Бүгінде Қазақстанда халықтың 70 пайыздан астамы Интернетке қолжетімді. Еліміздің аумағы үлкен болғанымен, халықтың тығыздығы өте төмен. Әсіресе, ауыл тұрғындарында Интернет жылдамдығы бойынша проблемалар бар. Бұл мәселені біз шешіп жатырмыз. Қазіргі кезде 250-ден астам адамы бар ауылдарды 5-6 жылдың барысында талшықты оптикалық байланыспен қамтуға негізделген бағдарламаны Үкімет қабылдады", - деді Сәрсенов.

Ол сондай-ақ Қазақстанда электронды үкіметті дамыту туралы айтты. Бүгінде, оның айтуынша, 730-дан астам қызмет көрсету электронды форматқа көшірілді, электронды үкімет порталы арқылы 215 мемлекеттік қызмет көрсетіліп жатыр, белсенді халықтың 46 пайызы электронды үкімет порталына тіркелген, 8,3 миллион электронды-сандық қолтаңба берілді, олардың 3 миллионнан астамы жеке куәліктердің чипіне жазылған. Биыл кәсіпкерлікке арналған мемлекеттік қызмет көрсету жүйесі арқылы электронды түрде бизнеске 240 мың рұқсат берілді.

"Мобильді технологиялар ғасырында еліміздің әр азаматында екі ұялы телефоннан бар, сондықтан біз барлық қызметтерді мобильді қосымшаларға көшіріп, бір батырманы басып-ақ барлық қызметтерді алу үшін жағдай жасап жатырмыз", - деп атап өтті вице-министр.

Сәрсеновтің мәліметінше, 2014 жылы 54 қызмет мобильді форматқа көшірілген, биыл тағы да 22 қызмет қосылады.

"Сондай-ақ, біз стандартты телефондарды пайдаланатындарды да ұмыт қалдырған жоқпыз. Оларға арнап биылғы жылдан бастап біз сим-карталарға ЭСҚ жаза бастадық, енді олар да өз телефондары арқылы электронды қызметтер ала алады", - деді вице-министр.

Сонымен бірге, ол Қазақстанның ашық Үкіметті дамытуға баса көңіл бөліп жатқандығын айтып өтті. Оның айтуынша, бір қадамы елімізде ашық Үкімет құру болып табылатын "100 қадам" Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында "Ақпаратқа қолжетімділік туралы" заң жобасы әзірленгенін, ол азаматтарға әр түрлі деңгейлердегі бюджеттерді талқылауға және нормативтік актілерді әзірлеуге қатысуға мүмкіндік береді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети