27 қазан 2021 10:51

Қазақстанда мобильді Интернет жылдамдығы артты - зерттеу

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Жыл басынан бері елімізде мобильді Интернет жылдамдығы секундына 19,52-ден 31,74 мегабитке дейін артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі finprom.kz сайтына сілтеме жасап.


Жыл басынан бері елімізде мобильді Интернет жылдамдығы секундына 19,52-ден 31,74 мегабитке дейін артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Finprom.kz сарапшылары мобильді Интернет жылдамдығы бойынша елдер рейтингінде қыркүйектегі қорытындыға сәйкес, Қазақстан бір айда үш сатыға көтеріліп, 80-орынға тұрақтаған. Небәрі бір жыл ішінде ел позициясы 21 сатыға жоғарылаған. Рейтингке сәйкес, елімізде жыл басынан бері мобильді Интернет жылдамдығы 62,2 пайызға, секундына 19,52-ден 31,74 мегабитке дейін артқан.

Дәл осындай рейтингте Орталық Азия елдері арасында Қазақстан бірінші орында, сонымен қатар Беларусь пен Ресейді басып озған. Көшбасшылар қатарында БАӘ, Оңтүстік Корея, Норвегия, Катар және Қытай болды.

Зерттеуге сүйенсек, биылғы тоғыз айда байланыс саласына салынған инвестиция 17,8 пайызға өсіп, 88,8 миллиард болған. Соңғы бес жылда күрделі салымдар көлемі жылына орта есеппен 19 пайызға өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2021 жылдың екінші тоқсанында зерттелген кәсіпорындардың 45 пайызы және 39 пайызы сәйкесінше, негізгі капитал мен жабдықтарға инвестицияларды игерді, атап айтқанда ескі жабдықтарды ауыстыру, абоненттер санын көбейту үшін өндірістік қуаттарды кеңейту.

Finprom.kz сайты мәліметінше, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда ұялы байланыс абоненттерінің саны 24,2 миллионға жеткен, бұл былтырғымен салыстырғанда 1,2 пайызға артық. Сарапшылар 2019-2025 жылдар аралығында мобильді Интернетті пайдаланушылар саны 54 пайызға артады деп болжап отыр. Осы уақытқа дейін 3G қызметтері жалпы нарықтың 28 пайызын ғана, 4G технологиялары 60 пайызын, жаңа 5G желілері нарықтың 12 пайызын қамтиды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети