24 ақпан 2015 16:08

Қазақстандық жұлдыздар ертегі айтып береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©"Aray Media Group" студиясының баспасөз қызметі ©"Aray Media Group" студиясының баспасөз қызметі

"Жұлдызды аңыз-ертегілер" жобасына қазақстандық жұлдыздар қатысып, жаңа ертегілер айтып берді. Сөйтіп, Ertegiler.kz сайтында еліміздің белгілі өнер қайраткерлері айтып берген ертегілердің қатары 30-ға жуықтады. 2014 жылдың желтоқсанында жарияланған аудионұсқаға Жанар Айжанова, Алмас Кішкенбаев, Нұрлан Қоянбаев сияқты өнер жұлдыздарының ертегілері қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жобаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрастырушылардың айтуынша, сайттың Android және iOS платформаларында қолжетімді мобильді қосымшалар да жасалған. "Енді ұялы телефонында Интернеті бар кез келген қолданушы өзінің құрылғысына жұлдызды орындаушылардың айтқан ертегілері мен аңыздарын жүктей алады", - деп хабарлады жоба өкілдері. Айта кетейік, Ertegiler.kz сайты - еліміздің өнер шеберлерінің қатысуымен дайындалған қазақтың халық ертегілері мен аңыздарының бірегей аудионұсқасы.

Жоба авторларының айтуынша, сайттың алғашқы нұсқасы қазақстандықтардың қызығушылығын тудырды. Мобильді қосымша туралы көптеген өтініш келіп түскен. "Сондықтан, келе жатқан көктем мерекелері қарсаңында отандастарымызға осындай сыйлық жасап отырғанымызға қуаныштымыз", - деді олар. 

Сайтта ертегілерден басқа балаларға тағы бір "базарлық" бар. Қарақат Әбілдина, Гүлмира Сарина, Жанар Доғалова секілді әнші қыз-келіншектер өздерінің сұлу дауысымен бесік жырларын да орындап береді. "Негізі, бесік жырларын, ұлттық ертегілерді тыңдап өскен баланың тәні де, жаны да сұлу болып өсетін белгілі. Ал қазақ ертегілерінің ғасырлар бойы жинаған даналығы, аңыз кейіпкерлерінің бойындағы ең жақсы қасиеттер, олардың ерлігі кішкентай тыңдармандардың бойында шынайы патриоттық сезім оятып, өз тарихына, өз тіліне деген сүйіспеншілік тәрбиелейтіні бұрыннан аян", - деді жобаны жасаған Aray Media Group студиясының директоры Марат Ахметжанов.

Жоба "Нұр Отан" партиясының "Балалық шақ" атты бағдарламасы аясында жарық көрді, бастамаға Altyn Kyran халықаралық қайырымдылық қоры қолдау көрсеткен.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети