07 ақпан 2014 18:16

Қазақстандықтар 15 жылда 28 млрд SMS хабарлама жіберген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 15 жыл бұрын GSM ұялы байланыс желісінен алғашқы қоңырау шалынды. Осы уақыт ішінде Kcell, Aсtiv, Beeline, Теле 2 абоненттері 193 млрд минут сөйлесіп, 28 млрд SMS-хабарлама жіберген және 40 миллионнан астам ГБ мобильді интернет трафигін пайдаланған деп хабарлайды Қазақстанның Көлік және коммуникация министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі. Байланыс және ақпараттандыру комитетінің хабарлауынша, 15 жыл барысында республика аумағында ұялы байланыспен қамтитын 17 303 базалық станса орнатылған. Статистика мәліметтері бойынша, абоненттер саны (қолданыстағы SIM бойынша) 30 миллионға дейін өскен, ал ұялы байланыс қызметтерінің құны орташа есеппен 10 есеге төмендеген. 2012 жылы секундтық тарификацияға көшу аяқталды. Егер 2002 жылы Kcell абоненті тек 75 минут қана сөйлессе, ал 2013 жылы бұл цифр бір абонентке шаққанда 152 минутты құраған. Сонымен қатар сөйлесудегі бір минут құны 42 теңгеден 4,7 теңгеге төмендеген. Қазақстандағы Beeline компаниясы мәліметі бойынша, егер 2007 жылы олардың абоненттері орташа есеппен 80 минут сөйлесіп, 1342 теңге төлесе, ал 2013 жылы бір абоненттің орташа төлемі 1119 теңгені құраған, бір адамның сөйлесу мүмкіндігі 3,7 есеге өсіп, ол 292 минутқа жеткен. Интернет-пакетті сатып алып жатқан жағдайда ұялы байланыс интернеті мегабайтының орташа құны 50 теңгеден 0,70 теңгеге дейін төмендеген. Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиевтің сөзіне қарағанда, 15 жыл ішінде бұл салада түбегейлі өзгерістер орын алған. "Бұрын жаңа технологияларды енгізу және осы қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету біздің басты міндетіміз болатын. Қазір әрбір қазақстандық ұялы байланысты пайдаланатын уақытта бұл қызметтер күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Сондықтан біздің басты мақсатымыз - қызмет көрсету сапасын арттыру", - деді ол. Еске сала кетелік, 1999 жылы 7 ақпанда Қазақстанда GSM ұялы байланыс желісінен алғашқы қоңырау шалынды, Kcell іске қосылды, ал 9 қыркүйекте республикамызда кәртічкелік байланыс Activ пайда болды. Осы жылдың 1 наурызында "Кар-Тел" ЖШС K-Mobile сауда белгісіндегі ұялы байланыс қызметін, 2005 жылы - Beeline іске қосылды, кейіннен соңғы екі бренд Beeline Қазақстанға түйістіріліп қызмет ете бастады. Баспасөз қызметіндегілер Қазақстанда ұялы байланыс абоненттері үшін дауыс қалдыру поштасы қызметі 2000 жылы қосылғанын еске салады. Ал үш жылдан соң ұялы байланыс Интернеті, WAP, MMS сынды GPRS негізінде қызмет көрсетуші сервистерді ұсынды, 2005 жылы қазақстандықтар ұялы телефон арқылы бейнежазбаны тамашалау мүмкіндігіне ие болған. 2010 жылы 3G қызметі қолданысқа енгізілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети