Қазақстандықтар Жаңа жыл қарсаңында қандай хабарландыруды көп іздеді

30 Желтоқсан 2015, 14:52
0
Қазақстандықтар Жаңа жыл қарсаңында қандай хабарландыруды көп іздеді - Коллаж © Tengrinews.kz
Коллаж © Tengrinews.kz

OLX хабарландырулар сайты қазақстандықтардың Желіде ең көп іздеген сауалдарының рейтингін құрастырды.

Компания өкілдері Жаңа жылға қатысты ізделген хабарландыруларға талдау жасап, мереке қарсаңында биыл сұранысқа ең көп ие болған заттарды анықтады.

OLX сайтында жаңажылдық мәндегі іздеулер қазан айының басынан басталған. Ал ең көбі 21 желтоқсанда тіркелді. Қолданушылардың басым бөлігі жаңажылдық костюм іздеген. Қараша айынан бастап жаңажылдық костюм 231 582 рет ізделді. Екінші орында - Аяз Ата - 11 009. Үшінші орында жаңажылдық сыйлықтар - 3 356.

Сарапшылардың мәлімдеуінше, гномдардың костюмі ең көп сұранысқа ие. ТОП-20-да пираттың және қоянның костюмі бар. Сонымен қатар, Ақшақардың, Өрмекші-адамның, ниндзяның, аюдың, шыршаның, аққаланың, қасқырдың, маймылдың костюмі де жиі ізделген. Сонымен қатар, Жаңа жылда үй-жайды жалға алушылар да көп болды - пәтерлерді, үйлерді, коттедждерді. Қолданушылардың кейбірі Жаңа жылда қосымша жұмыстың болатынын біліп, оны да іздеді.

Сонымен қатар, мына сөздер де көп терілген: "жаңажылдық бұғы", "жаңажылдық венок", "пингвиннің жаңажылдық костюмі", "жаңа жылға тәж". Жаңа жылдың басты символы - Аяз Атаға қатысты да бірқатар қызықты іздеулер болды, мысалы: "үрленетін аяз ата", "альпинист аяз ата", "аяз атаның асатаяғы".


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай