17 қараша 2023 14:29

Қазақстандықтарға Илон Масктың интернетін пайдалануға тыйым салынған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:starlink Фото:starlink

Қазақстанда Starlink-ті жеке мақсатта пайдалану заңсыз. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Байланыс саласындағы бақылау басқармасы басшысы Диас Төлегенов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда Starlink-ті жеке мақсатта пайдалану заңсыз. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Байланыс саласындағы бақылау басқармасы басшысы Диас Төлегенов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлікте өткен брифингте журналистер қазақстандықтардың Starlink интернетін пайдалану мәселесін көтерді. Бұл заңсыз болып шықты.

"Бұл мәселе бойынша мұндай адамдар бар екенін айтайын (үйлеріне Starlink орнататындар – еск.) Тиісті органдар анықтап, нақтылау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өйткені қазіргі уақытта қолданыстағы нұсқада пайдалану қауіпсіздік талаптарына сай болмағандықтан қолданыстағы заңнаманы бұзады", – деді Диас Төлегенов.

Ол пилоттық жоба бойынша техникалық жұмыстар аяқталмайынша және заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілмейінше, "бұл заңсыз болады" деп қосты.

Осылайша, қазақстандықтарға Starlink-тен интернетті пайдаланғаны және таратқаны үшін айыппұл салынуы мүмкін.

"Сатып алған болса да, өзгертулер енгізгеннен кейін оны пайдалана алады. Өзгеріс енгізбес бұрын жеке тұлғаларға бірінші рет ескерту, ал одан кейін 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады (2023 жылы 34 500 теңге – еск.)", - деді Төлегенов.

Спикер қазақстандықтар қалай тексерілетінін және мұндай жағдайлар қалай анықталатынын нақтыламады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети