09 шілде 2019 16:32

Қазақстанның автоХҚО-лары қалыпты қызмет көрсетіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook.com © facebook.com

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы еліміздің барлық облысындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қызметтер мемлекеттік стандартта көрсетілген талаптарға сай, қалыпты тәртіпте көрсетіліп жатыр. Бұл туралы Мұрат Жұманбай Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде қызмет алушылардың көптігі Алматы қаласындағы мамандандырылған ХҚО-ларда ғана байқалуда. Бұл Алматы қаласында көліктерді алып-сататындардың көптігі мен жақын жатқан аймақ тұрғындарының автокөліктерін сонда қайта рәсімдеп, жүргізуші куәлігін ауыстыруға баратынымен байланысты. ҚР ІІМ 1 шілдеден бастап мәліметтердің алмасуын қамтамасыз ететін жаңа веб-модулді іске қосуына байланысты, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінде ақау шығып, салдарынан барлық мамандандырылған ХҚО-ға келушілердің өтініштері дер кезінде қаралмай, үлкен кезек туындаған болатын", - деп жазды Мұрат Жұманбай.

"Бұл ретте мемлекеттік корпорация өз тарапынан халық наразылығын басып, кезекті тарату үшін қосымша қызметкерлерді тартып, "соңғы клиентке" дейін жұмыс істеді. Халық ыңғайлығы үшін egov.kz порталы арқылы қызметті онлайн алуға көмектесетін кеңесші мамандар жұмылдырылды", - деп толықтырды ол. 

Айта кетейік, көліктерді қайта тіркеп, жүргізуші куәлігін алу қызметтері бойынша мамандандырылған ХҚО-ларда шілденің 1-8 аралығында 40 мыңға жуық қызмет көрсетілді, оның 9 мыңнан астамы тек Алматы қаласына тиесілі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети