19 қараша 2014 18:25

Қазнетке шабуылдардың үштен бірі АҚШ сайттарынан жасалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда кибершабуылдар көбейіп келеді, республика онлайн-шабуылға ең көп тап болған елдердің қатарында екінші орын алды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Касперский зертханасы" ("Лаборатория Касперского") өкілдері хабарлады. 2014 жылдың үшінші тоқсаны бойынша мәліметтер осындай.

Елде шабуылға тап болған қолданушылардың үлес салмағы - 45,92 пайыз, ал Ресейде бұл көрсеткіш 46,68 пайызға жеткен. Тыйым салынған киберқауіптердің 33 пайызы АҚШ-та орналасқан зиянды веб-ресурстардан тараған.    

Сарапшылар қаржылай қауіп тудыратын компьютерлердің саны азайғанын айтты. Бұл киберқауіптің көрсеткіші жаңа есеп кезеңімен салыстырғанда 25 пайызға азайған. Мұндай жағдайлар Бразилияда көп болады, ал одан кейін Ресей мен Германия елдері тұр. 

"Біз 7 мың жаңа мобильдік троянды таптық. Шабуылға тап болған елдердің де саны өсіп келеді: мұндай жағдай өткен тоқсанда 31 елде тіркелсе, бұл тоқсанда 70 елге жетіп отыр. Мобильдік құрылғыларға жасалатын киберқауіп Қазақстанға да жетті: үшінші тоқсанда қолданушыларға барлық зиянды бағдарламалардың 3,1 пайызы бағытталды (сәйкес рейтингте 6-орын)", - деді компания өкілдері. 

Сонымен бірге, мобильдік банк трояндарынан ең көп киберқауіп таралатын елдер рейтингінде Қазақстанның алғашқы бестікке енгені хабарланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети