06 мамыр 2014 19:49

"Курицы Петропавловска" тобын құрушылардың үстінен шағым түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Vk.com ©Vk.com

"ВКонтакте" әлеуметтік желісінде белгісіз біреулер "Курицы Петропавловска" атты қоғамдастық ашты, жергілікті қыз-келіншектердің айтуынша, бұл қоғамдастық Солтүстік Қазақстан облысы аруларының ар-ожданын қорлайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"ВКонтакте" әлеуметтік желісінде белгісіз біреулер "Курицы Петропавловска" атты қоғамдастық ашты, жергілікті қыз-келіншектердің айтуынша, бұл қоғамдастық Солтүстік Қазақстан облысы аруларының ар-ожданын қорлайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өзінің суретін осы топтан көрген жергілікті бойжеткендердің бірі полицияға шағымданды. "Онда мен туралы есімнен кетпейтін, айта алмайтын жайттар жазылған. Менің жігітім онда бірнеше рет жазып, мені қорғады. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Олар топқа әйелдерді қорғап пікір қалдырған адамдар мен олардың жазбаларын өшіріп тастайды", - дейді шағымданушы Инна Колосова.

Иннаның айтуынша, желідегі топты құрушы шағымға пысқырып қарар емес. Ал фотосурет астына қалдырылатын жағымсыз пікірлер болса, күн санап көбейіп барады.

Колосова бұл топқа кірудің оңай емес екенін, ол үшін бірнеше тапсырманы орындау қажет екенін айтып отыр. Ал қоғамдастықтың ережесінде бұл жердегі барлық ақпараттың ойын-сауықтық қана мәні бар екені жазылған. Қыздың айтуынша, топқа орналастырылған фотосуреттер мен кейіпкерлер туралы әңгімелер шындыққа жанаспайды.

Шағымданушы топ авторларын тауып, жазалауды сұрайды. "Қыздың шағымын қабылдадық. Қазір тергеуалды тексеріс жүріп жатыр. Кейін қандай бап бойынша іс қозғалатыны белгілі болады", - дейді Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметкері Динара Сағандықова.

Солтүстікқазақстандық қыздар "Курицы Петропавловска" тобына есе қайтару үшін "Петухи Петропавловска" атты жаңа топ құрған, онда жергілікті жігіттердің кемшіліктері жазылатын болады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети